Ұстаздар мерекесі құтты болсын"



Сүйем сені туған өлкем






Тіл байлығы-ел байлығы



Тіл байлығы-ел байлығы



Қаражал орталық балалар кітапханасында 22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арнап «Тіл байлығы-ел байлығы» атты әдеби- мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсатымыз: оқушыларды өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл  мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына ,еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Бұл кешімізге №1 жалпы білім  беретін мектептің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында тіл туралы мағлұматтар, көрніс, слайд, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ  ойыны, сұрақ-жауап, ой-толғаулар, жатқа оқулар болды.Кеш соңында балаларға алғысымызды айттық.

От басы


Ана — отбасыдағы ең басты адам. Ана — отбасы бағушысы деген атқа ие болған. Ананы көптеген әдебиеттерде қолданады. «Жұмақтың кілті ана табанының астында» деп бекер айтпаған.

"Жанұям -менін -бақытым"





   Қыркүйектің  09-і
  отбасы  күніне арналған. Қаражал орталық балалар кітапханада  «Жанұям менің –бақытым» атты іс-шара өткіздік. Мақсатымыз; балаларға  отбасы туралы түсінік бердік. Қоғамың  негізгі мақсаты:- адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік инстиут есебінде адам  қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болады.Отбасының  дербестігі  болғанмен, отбасылық  қатынастар  қоғаммен, оның  дамумен тікелей  байланысты. Тәрбие басы әдептілік деп  білген  ата-ана  әуелі  баласына  өздерін сыйлап-құрметтеуді,өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайлық танытуды, ешкімді мұқатпауға  үйреткен. Сонымен қатар, балаларының  ер-азамат болып, халқына  еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Бұл іс-шараға №1 жалпы білім беретін мектептің  5-ші сынып оқушылары қатысты.


1 Қыркүйек білім күнімен!



Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар барша қазақстандықтар!
1 Қыркүйек  білім  күнімен  құттықтаймыз!
Жиып алып балғын шәкірт  достарды,
Салтанатты сәтке бөлеп жас  жанды.
Мектептердің қонырауы қағылып,
Тағы міне білім күні басталды.
Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.