Ата Заңынды ардақта




Құрандай көріп қолыма алған
Ата Заң-осы ,ағайын!
Жүз ұлтты тірлік жолына салған
Баптарын бағып, қағайын,
Татулық, Теңдік,Еркіндік-мұраты,
Егемен құқық-еншіміз.
Тарихы ортақ Тағдырды құрап
Ел болдық, келсін елшіңіз,
Кіндік қан тамған туған жер-осы.
Қазақтың жері-Отаным.
Болашақ бірге буған бел-осы.
Дуасы болсын батаның.
Қазақстанды танысын Әлем,
Бөлінбе-дағы жарлыма.
Жігерін жастан, жанысын өрен
Отаншыл сезім барында.
Болашақ  ұрпақ  бақытын ойлап
Нарыққа бетті бұрғанбыз.
Жасайды бәрін қоғамның қолы
Көреді бәрін көз бен іш:
Тарылып жатса адамның жол
Заңда да болар өзгеріс...
Құрандай көріп қолыңа алған
Ата Заңынды ардақта.
Тәуелсіздіктің жолында қалған
«Шет болмасын де-әруаққа»
                           Нұрлан  Маукенулы

Ата Заң- ар айнасы




Республика  Ата Заңы тәуелсіздік мұрасын басшылыққа  ала отырып, Отанымыздың қоғамдық құрлысымен саясатының негіздерін баянды етті, азаматтардың құқықтарын бостандықтары мен міндеттерін,ұлттық мемлекеттің тәуелсіздік мақсаттарын белгілеп берді. Біздің  Ата  Заңымыз-дүние жүзіндегі ең әділетті  заң. Ол республикадағы   мақсат-мүдделеріне лайықты жасалған. Ата Заң бойынша республикадағы  әрбір  адамның  оқуға, еңбек етуге,өнерін дамытуға, дем алуға құқығы бар. Ата Заң-халқымыздың  басшысы.Қуаты мен бақыт беруші күші,саяси жүйенің  мемлекеттік және қоғамнық құрлымның ұйтқысы.Республиканың әлеуметтік негізін жұмысшылардың, шаруалардың және интеллигенцияның мызғымас  одағы құрайды. Ата Заң   қоғамның қажеттеріне сәйкес , мәдениеттің,экономиканың,ғылымның дамуына оны өмірге пайдалануға әрбір азаматтың құқықтық екенін көрсетеді.Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік жағдайына,нәсіліне,ұлтына,тіліне қарамастан тең құқықты.Республиканың азаматы Отан қорғауға құқылы.Ата Заңды әрбір азаматтың борышы-басқа азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу,көп ұлтты мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп  көрсетілген.Республиканың әрбір азаматы өкімет орындарына сайлауға және сайлануға тең құқылы.



  «Көк сандық  саяхаты» атты кітап оқытудың бағдарламасы  бойынша   Қаражал қаласында мамыр айының 16-сынан шілде айының 16-сына дейін  қонақта болды. Біздің  кітапхана филиалдарына да саяхаттап №3,№4,№12 –ші филиалдарға , «Улыбка» балабақшасына және қаламыздағы№1,№3,№7-ші мектептерге  барды. Оқырмандар өте риза болды.Кітапханашы Ибраева Мереке Жанабаевна қаламыздың жергілікті газетіміз  «Қазыналы өңіріне»  «Көк  сандық саяхатты» атты  мақала жазды.Мақалада  «Көк сандық саяхатының»шығу тарихына  бастауы Германиядан шығып, Москва  қалаларын аралап,біздің Қазақстан қалаларында  саяхаттап жүр.Қаражал қаласынан кейін Сатбаев қаласына саяхатап кетті.

"Көк сандық саяхаты" №12 филиалда




№12филиалында «Көк сандық саяхаты»атты кітап оқыту бағдарламасы бойынша кітап көрмесін ұйымдастырды.Балаларға сандық ішіндегі кітаптарды таныстырып,шолу жасалды.Оқырмандар кітаптарға қызығушылығын танытты. П ерро,Ш. «Ертегілер», Мәжітов,Б. «Балдәурен», Дефо,Д. «Робинзон Крузо»,  Емец, Д. «Муравьиный лабиринт»,  Вильмонт,Е. «Операция медный кувшин».

"Көк сандық саяхаты" №3 филиал



№3филиалда «Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқудың дамыту бағдарламасы жобаның мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу.«Көк сандықтың» басты миссиясы: балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдау, бір бірімен пікір талас тұғызу.Қатысушылар: кітап оқуды дамыту бағдарламалармен белсенді жұмыс істейтін балалар кітапханалары, әлеуметтік балалар ұйымдары, балалар, ата-аналар, әжелер мен аталар.Ұран: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!
Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.