Қадыр түн!


Айлардың  сұлтаны болған  қасиетті  рамазан  айының  да  бітуіне  аз күндер қалды.
Мын  айдан да  қайырлы  болған  Қадыр түні  мұсылмандар  үшін  ерекше түн.
Бүгінде түндердің  патшасы  саналатын  Мерекелердін  мерекесі болған Қадір түні баршанызға
құтты болғай. Аллах сіздердін  баолық  дұға тілектерінізді  қабыл еткей!!!

Қонақкәде(дәстүр)

Үй иесінің  қонағына"қонақкәде" аитыңыз деп өтініш  жасауға хақы бар.
Бұл өлең  айтыңыз, өнер көрсетіңңз  дегенді  білдіреді.
Қонақкәденің  шығуы- көңілді  отырудың, бұрынғы  адамдар  жастарды  өнерге, айтысқа,
қолөнерге, шешендікке,  өлең, домбыра  үйретуге  ерте  баулыған.
Бұрынғы  жастардың  "сегіз қырлы, бір сырлы" өнерпаз  болуының  түп қызығы, міне, осында  жатыр.

Көрші хақы(дәстүр)

"Көршің  үшін  намазыңды бұз" деген  қағиданы  қалт  еткізбейтін қазақ  үшін көршінің  орны  мүлде  бөлек.  Көршінің  өтініші  орындалуы-халық  үшін  бұлжымас  заң.
Көршісі  жақсы  болса, "ол біздің көршіміз  ғой!" деп мақтан тұтады,"құдайы  көршіміз" деп  ардақтайды."Үй алма, көрші ал" деген сөзде  терең  мағына  жатыр.
Мұсылман  шариғатында  көрші жөнінде  айрықша  айтылады.
Көрші отыру  сыйластық  пен сенімнің алтын  арқауы.

Бастанғы(салт)

Үйдің  үлкендері  жол  жүріп  кеткенде, ауыл  жастары  сол үйге  жиналып, жолаушылардың   жолда  басы  ауырмасын "бастаңғы  жаса" дейді. Бастаңғының  мәнісі-жастардың  сол  үйде    ойын- сауық  жасап  бас  қосуы.
Дәстүр  бойынша  бұған  тыйым  салуға  болмайды.
Бастаңғыны  жастар  жасайды.  Бастаңғыға  келгендер  тәтті, дәмді  тағамдарын  ала  келеді.

Асату (дәстүр)

Ет  желініп  болғаннан  кейін  төрде  отырған  ақсақал  табақта  қалған  етті жас
балалар  мен жігіттерге  асатуға  тиіс. Бұрынғы  кезде  жас  балалар"ет асаймыз" деп,
қонақ  келген  үйдің  маңайында  жүретін  болған. Мұндай халықтық  дәстүрді  жазушы
С.Мұқанов  кең  насихаттап,  қалданып,  жалғастырып  отырған.

Базарлық

            Алыс  сапарға , саяхатқа, сауда   жолына шыққан  адамдар жерлестеріне,
көрші  -көлемдеріне, сыйлас  адамдарына, жас  балаларға  ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.
Оны "базарлық" деп  атайды.
Бұл  жақсы  көрудің,  сыйластықтың  белгісі  және ескерткіш  ретінде  қабылданады.
                                                                                                                                   

"Көк сандық саяхаты"



«Көк сандық саяхаты»атты  кітап оқытудың  бағдарламасы бойынша  «Улыбка» балалар бақшасына  бардық. Балаларға  сандық ішіндегі кітаптарды таныстырдық. Апайлары  «Үш аю» кітапты  балаларға дауыстап,оқып ,түсіндірді.Балалар ертегінің мазмұнын айтып берді.Оларға сандық ішіндегі әр түрлі кітаптарға шолу жасадық

9-cынып түлектері.



Біздің Қаражал орталық балалар кітапханасының, төменгі сыныптан бастап үздік оқырмандары болған оқушылармыз биыл 9сыныпты ,үздік аттестат пен бітіріді. Оқушылар өздерінің 9 жыл алған білімдерін нәтижесін көрсете  білді.Біз өз оқырмандарымыздың қуанышы мен бөлісіп оларға сәт-сапар тіледік.




Қаражал қаласындағы  орталықтандырылған балалар кітапханада, жазғы лагерь демалып ,жатқан балаларды  «Көк сандық саяхатты» атты кітап оқытудың бағдарламасы мен таныстырдық. Балаларға «көк сандық» ішінен шыққан кітаптарға шолу  жасап, «Көк сандық саяхаты» тарихына  тоқталып,қай жерден бастау алғанын қайда саяхатта болғанын,бізге дейін қай қалаларда болғанына тоқталдық. Оқырмандарымызды сандық ішіндегі кітаптар өте қызықтырды .Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.Олай болса ,кез келген кітап балалардың адамгершілігін ,жақсы мінез –құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Олар  өз ойларын ортаға салып ,пікірлерін айтты.




Аспан аясында




«Көк сандық саяхаты» атты кітап оқудың бағдарлама бойынша  қалалық алаңға шығып, балалардың  ойын алаңына барып «Аспан аясында» оқу іс-шарасын  ұйымдастырылды.Бұл шарада әр түрлі жастағы балалар мен кездестік.Сонымен қатар ата-аналар да болды.Балаларға «Көк сандық саяхатының»  шығу тарихына тоқталып, оның ішіндегі кітаптарға шолу жасап,балалар оқыған кітаптарды талдап,әр  қайсысы өзі оқыған кітап туралы айтып берды.Оларға кітаптар ұнады, балалар кітапханаға келіп, кітаптар алатынын айтты.








Бақытты балалық шақ.



1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған , қалалық мәдениет орталығымен бірлесіп , мәдениет сарайында балаларға арнап концерт және би ұйымдастырылды. Оларға сұрақтар мен жұмбақтар қойылып,жаңылытпаштар айтылды.Сонымен қатар асфальтта сурет салды. Балалар суретте еліміздің астана көрністерін бейнеледі.






"31-мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"

1997 жылдан бастап "31-мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" болып ресми
"Алаш( партиясының "Алашорда" ұлттық кеңесінің "Алашорда " үкіметінің негізін қалаушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдық пен көркемдік шығармашылықты ата-бабадан аманат етіп берілген мұсылмандықпен ұштастыра білген тұлғалар.
Алаш зиялылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, С.Сәдуақасұлы, К,Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. өз замандастары сияқты алғаш сауатын ауылдың молдаларынан алған.Олар осы негізгі білімін мемлекеттік дәрежеде іске асырды, сондықтан Алаш қайраткерлері елге қызымет етуді ұлттың мүддесімен ұштастыра білді.
Алаш ардақтыларының жеке өмірлеріндегі белгілі оқиғаларға да мұсылмандық ұстаным тікелей арқау болды деуге толық негіз бар. Бүгінгі тәуелсіз кездегі ғылым, алаш ғылымдарының еңбектеріндегі қазақ елінің мүддесін, ұлттың тілі, діні , ділін қорғайтын текті ойларды өзіне қажет етуде.Ж.Аймауытұлы 1931 жылы,С.Сәдуақас 1933 жылы ең біріншілер болып ату жазасына кесілген еді.Айдауда жүрген
"Оян,қазақ!"авторы М.Дулатұлы 50-ге бір ай қалғанда Ақтеңіздегі Сосновецк мекенінде науқастан қайтыс болған.
Бірақ бұлар осыншама қысқа өмірінде бізге үлгі боларлық шаһидтік істердің басынан табылды.Аталған зиялылардың өмірі 1937-1938 жылмен тәмамдалады.
Заманның өздерінің істеріне қауіпті екенін білген алаш зиялылары өз ұлтына қызымет етіп, қазақ мемлекеттігінің өз алдына дербес болып қалыптасуын аңсап өтті. Қазақтың тілін, дінің, ділін қорғауды олар басты ғылыми мақсат етіп алға қойды.

бекітілген болатын.


·           Жеңістің  71 жылдығына арнап «Ұлы -Жеңіске 71жыл» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қалалық №7.№1.№5орта мектептің оқушылары мен мұғалімі қатысты.Мақсаттымыз  балаларды өткен тарихымызға көз жібертіп,сол сұрапыл жылдардағы еліміздің, халқымыздың қайтпас қайсарлығын паш етіп, соны жан-тәнімен ұғындыру.Жаңадан 5 оқырман жазылды. 3оқырман  кітап алды.Барлығы 15 оқырман қатысты.
Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.