Кенді өлкем-Қаражалым!
Орталық балалар кітапханасында  «Кенді өлкем-Қаражалым!»атты көрме
ұйымдастырылды.Биыл киелі қазыналы  өңіріміз Қаражал қаласына -55жыл.
1963жылы 8 қаңтарда  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумның  ұйғарымымен кенді өлкеміз қала стстусына  ие болды.Қаражалдың  өсіп-өркендеуіне барша  қаражалдық  қандастарымыздың  еңбегі екенні мәлім.Көрмеге Қаражал қаласының  «кешегі,бүгінгі,ертеңіне»  шолу жасап,суреттерін қойылды.Қаражал- жерінің асты құтқа,үсті жақсы  мен жайсаңдарға толы қала деп бекер айтылмаған. Сол құт пен берекелі жайсаңдардың арқасында қаламыздың  көркі мен шырайы жылдан жылға артып келді.Осыған орай қаламызда мерекелік кеш өтті. Оған ауыл ақсақалдары қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.






2018-жылдың ақын, жазушылардың, мерейтойларына орай «Әдебиет күнтізбесі» «Литературный календарь»   атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге  ақын,жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына,  әдебиет зертеуші ғалым Ахмет Байтұрсыновтың  145 жылдығына  , қазақ  поэзиясының  ірі  өкілдерінің  бірі Мағжан  Жұмабаевқа  125жыл,  Қазақстанның  халық  жазушысы  Ғафу Қайырбековке 115 жыл, Қазақстанның  халық қаһарманы  жазушы  Қасым  Қайсеновке 100жыл ,қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің бірі Тахауи Ахтановқа  95жыл ,балалар ақыны  Ермек  Өтетілеуовке 80жыл, балалар  әдебиетінің  қаламгері  Мұзафар  Әлімбаевқа 95 жыл ,жазушы-драматург, журналист  Оралхан Бөкейге 75 жылдығына ,балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының 75жылдығы, балалар әдебиетінің атасы Сұлтан Қалиевтың 75жылдығына орай  арналған кітап көрме ұйымдастырылды .кітап көрмеге ақын,жазушылардың кітаптары қойылды Белгілі ақын-жазушылардың кітаптары  мен келген оқырмандарды  таныстырлып,  шолу жасалды. Кітап көрме жыл бойы сақталып, жаңадан келіп түскен кітаптармен толықтырылып тұрады.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.