Жаңа жылдарымен!




Барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймыз!
 Көңілімізді шаттыққа бөлеп, жүрегімізге ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамыз. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.
Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың символына айналған.
Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
: Біз тілейміз Жаңа жылда махаббат!
Біз тілейміз Жаңа жылда шапағат!
: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық,
Қой жылы құтты.
Мешін жылы мерейлі,
Тауық жылы табысты,
Ит жылы игілік,
Жаңа жыл құтты болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін.




Қаражал қаласының қалалық мұрағатының  басшысы  Талғат  Аяпбергенұлы  біздің С.Сейфуллин атындағы орталық  қалалық кітапханада  жерлесіміз Қаражал қаласының құрметті азаматы  Қырықбай Кентайұлына арнап  оқушылар арасында  мүшәйра өткізді. Бұл мүшәйра 5-8 сынып арасында болды. Оған № 1,№5, №7.мектептің оқушылары қатысты. №1мектептен Олжабай  Жансерік, Кәдірбекова Аяулым,Егінтаева Аяжан, Төлеубаев Еламан, Көлзақов Тоқтар,Аханова Гауһар, Жарылғапова Ақгул, Ахмедиева Ақнұр, Қадылова Мадина қатысты.№5 мектептен Мұхтарова Гүлсезім, Алдағанова Тоғжан №7 мектептен Асан Айнаш ,Отарбаева Айғаным, Шәкіров Дінмұхаммет қатысты. Бұл оқушылардың бәрі жергілікті жыршымыз Қырықбай Кентайұлының өлеңдерін мәнерлеп бірнеше өлендерің жатқа айтып бірінен  бірі кем түспеді. Олардың арасында ең ерекше  құлшыныспен дайындалып келген №5 мектептің оқушылары Мұхтарова Гүлсезім мен Алдағанова Тоғжан белсенділік танытты.бұл оқушылардың  жерлесімізге деген құрметіне жасалған  өлең жинақ портфолиялары да  бар екен.  Кеш соныңда Талғат Аяпбергенұлы жерлесіміз Қырықбай Кентайұлының аяқталмай қалған  жырларын жинақтап  кітап қылып шығаратының айтып,оқушыларға «Отырардын қырауы» атты жырын тебіреніп нақышына келтіре оқып берді.  Мүшәйрада ерекше қатысқан оқырмандарды грамоталармен марапаттады. 1-орынды №5мектеп оқушысы Мұхтарова Гүлсім, 2-орынды Алдағанова Тоғжан, 3-оынды №1 мектеп оқушысы Кәдірбекова Аяулым иеленді   №7 мектеп оқушысы Шәкіров Дінмұхаммет өзінін жеке шығармашылығымен  мақтау грамотасымен марапаталды. Мүшәйра осылай өз мәресіне жетіп  қатысқан төрешілер оқушыларға разы болып  ризашылықтарын білдірді.









№1  қазақ  орталық  мектебінің  3-сынып  оқушыларына  сынып  жетекшілері  Досмаганбетова Асем Тілеухановна  балалар  кітапханасына  саяхатқа  алып  келді . Сынып  жетекшілері  жана оқырмандармен  бізді  таныстырып, күнделікті  оқырмандарымыз  ретінде  біз оларды   жылы ықыласпен  қарсы  алып, оларды  кітапхананың  ережелерімен  таныстырдық. Бұл  оқырмандар бұдан  кейін  біздің  күнделікті  оқырмандарымызға  айналды. Сынып  жетекшілері  әрбір сенбі  күндері  оқушыларын  кітапханаға  саяхатқа  алып  келіп  тұратының  ескертіп  біз  оқырмандармен бірігіп  әрбір сенбіде  әр түрлі  іс шаралар өткізуді  жоспарладық.





Тәуелсіздік таңы.



16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 25 жыл толды .Қаражал орталық балалар кітапханасында тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы» атты көрме,іс-шара өтілді. Мақсатымыз балаларға:Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу. Көрмеге көптеген кітаптар қойылды.Тұңғыш Президент Н.А.Назарбаевтың кітаптарын,осы жылдардағы,өткен тарихымызға шолу жасап,тіуелсіздікке арналған өлең-жырлар оқылды,слайттар көрсетілді.Олай болса, өміршендік пен  кемелдік  аясында өмір  сүріп, бейбітшілік, татулық  туын биікке  көтерген  Қазақстан  халықы жасасын!







Қаражал қалалық мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай" Бірлігіміз жарасқан"атты әр ұлттың. өнер,салтын байқау жарысы өткізілді . Бұл байқауда біздін әріптестерімізде өнер көрсетті. Жарыс өте қызықты болды .Әр ұлттың салттарын ,тағамдарын, өнерлерін қадағалап әділ қазылар алқасы орындар берді, бірінші орынды №1қазақ орта мектебі Корей халқының салт дәстүрін көрсетті.Екінші орынды "Оркен Атасу" қазақ салт дәстүрі.Үшінші орынды "КГУ" орыс салт дәстүрін көрсетті.





















Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.