Армысың,Алтын күз




Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. «Армысын Алтын күз»– 2017» мерекесімен құттықтаймыз! Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қарашаүз - жылдың берекелі мезгілі.






Қаражал қаласындағы орталық балалар кітапханасында  отбасы  мерекесіне орай қыркүйек айының 9-да  «Отбасым- бақытты мекенім» атты іс-шара өткіздік.Мақсатымыз ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың  ұстаған жолын, баланың отбасындағы    орны  жоғары бағалағандығын паш ету,  бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр,    мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана  отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға,  кішіге көмектесуге баулу.  Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Бұл іс-шараға  қаламыздағы  №1, №7  мектеп  оқушылары мен  мектеп  мұғалімдері    қатысты.






Ата Заң-айбыным
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні-біздің еліміз үшің маңызды мерекелердің бірі болып саналады . 30 –тамыз Қазақстан Республикасының  Заң күніне «Ата Заң-айбыным» кітап  көрме ұйымдастырылды.  Біздің  Ата  Заңымыз-дүние жүзіндегі ең әділетті  заң. Ол республикадағы   мақсат-мүдделеріне лайықты жасалған. Ата Заң бойынша республикадағы  әрбір  адамның  оқуға, еңбек етуге,өнерін дамытуға, дем алуға құқығы бар. Ата Заң-халқымыздың  басшысы.Қуаты мен жігер беруші күші,саяси жүйенің  мемлекеттік және қоғамнық  құрылымның ұйтқысы. Республиканың әлеуметтік негізін жұмысшылардың, шаруалардың және интеллигенцияның мызғымас  одағын  құрайды. Көрмеге  «Ата Заңдардың» 4 томдық кітаптары қойылды.,Қазақстан Республикасының Конститутциясы,  Неке және отбасы туралы, Заң туралы кітаптар қойылды. Барлық Қазақсатан халқын  Ата Заң мерекесімен құтықтаймыз!Сіздерге зор денсаулық ,елімізге бейбітшілік,отбасында бақытты өмір сүруге тілктеспіз!

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.