Рухани жаңғыру



    2017 жылы  сәуір  айында Елбасымыз,Мемлекет Басшысы, қайсар рухты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәйекті де мән-мағыналы мақаласы "Болашаққа Бағдар;.Рухани Жаңғыру"атты ұлағаты берік,ұжданы биік,ұпайы түгел Ұлы даланың қаймағы бұзылмаған мәңгілік,яғни өмір бойғы қасиетті –Қазақ халқының 1-Рухани Жаңғыруы 100 пайыз,нағыз рухты көтерер оң бастама,ал ол мақалада жазылған 2025 жылға дейін латын қарпіне (әрпіне) толыққанды түрде әрі тұрғыда көшу секілді айқын әрі ақиқаттық мақсат-мұраттар дәлірек келген,дұрыс,келелі шешімдер.
«Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Н.Ә.Назарбаев «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне  атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
 «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн. 1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту. 2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру. 3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.





«Балалар әлемі»
1-маусым  балалар  қорғау  күніне  орай  қалалық  орталық   аланда  мәдениет  сауық  орталығымен  бірлесіп ұйымдастырылған  ойын-сауық  кеші  өткізілді.   Бұл  ұйымдастырылған  сайыстарға  Қаражал жалпы білім беретін орта мектептің  оқушылары мен  «Улыбка» бала бақшасының  балалары  қатысты. Ойын-сауық  өте  белсенді  өтіп  қызыққа толы  ойындар  көп  болды.  Жас бүлдіршіндер  өлең  айтып,  би  билеп  ойындарға  белсене  қатысып  әртүрлі  сыйлықтармен  марапатталды.   Аланда  болған  бүлдіршіндерге  тәтті  балмұздақтар  таратылды.               
  Іс-шара  өте қызықты  өтті. Қаламыздың  әкімшілігінде  отырған  төрағаларымыз  қатысып  бүлдіршіндерге  жүрек  жарды  жақсы тілектерін  білдірді. Осылай жыл сайын  тойланатың  бүлдіршіндер  мерекесі  өз  мәресіне  жетті.





31-мамыр  саяси  қуғын сүргін құрбандарын  еске алу күні.
 Бұл  күн  қазақ тарихында  қаралы  күн.  Осы күнге  орай  қаламыздың  төрінде  аштықпен , қуғын  сүргін  құрбандарына  арналған  монумент  бой  көтерді . Қала әкімі Досаев Тілектес  Темірбекұлы  салтанатты жиылысты  бүгін  азаттық  алуға  жеткізген  алаш  зиялыларың  ардақтайтың  күн деп  бастапқы сөзбен ашты. Қасырет әкелген  қуғын сүргін  құрбандары болған  жерлестеріміздің  туған туыстары  Қ.Р . еңбек  сіңірген  жаттықтырушы , дзюда  күресінен  спорт  шебері   «Ерең  еңбегі»   медальінің  иегері  Қаражал  қаласының  құрметті азаматы  Дүйсен  Тәжікейұлының  ағалары  жерлестеріміз  Тілеуғабыл мен Сыздық  Байтеміровтердің  ұрпақтары  болды.  Сұрапыл  жылдардың  жазықсыз  құрбандары  болған  Сыздық  Байтеміров  небәрі  34 жаста ,Тілеуғабыл  Байтеміров 39 жаста еді, және  жазықсыз  саяси  қуғын –сүргін  құрбаны  болған . Монументтің ашу рәсімі Д.Тәжікейұлымен Д.Әлиеваға  табыс етілді. Осы сұрапыл  зұлмат  жылдар  оқиғасын, оның  жазықсыз құрбаны  болған  адамдардың  есімдері мәңгі  ұмытылмайды.



Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.