шалқан






"Ертегілер жолымен" жобасы аясыңда ,орталық балалар кітапханасы "Улыбка" бала-бақшасының тәрбиешілерімен бірігіп, "Жұлдыз"және "Балапан"тобының бүлдіршіндерімен "Шалқан" ертегісінен көрініс қойды. "Шалқан ертегісінің мақсаты: балаларды достыққа,адамгершілікке шақыру.

«Ұлылардың ұлысы-Абай»





«Ұлылардың  ұлысы-Абай»
20.02.2020 жылы орталық балалар кітапханасында  №1 ЖББОМ  4-сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбаевтың 175жылдығына  арналған «Ұлылардың ұлысы –Абай» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шарада арнайы дайындалған кітап көрмеге шолу жасалды. Оқушыларға  Ұлы ақынның өмірі және шығармалары туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар сұрақтардың  жауабын дұрыс  тауып,  білімдерін көрсетті. Сұрақ жауапқа белсенді қатысқан оқушыларға  кішігірім сыйлықтар берілді.


кітап көрме



Қаражал орталық балалар кітапханасында 2020 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау нәтижесі бойынша Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын жыл бойы оқуға ұсынып отыр. республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ,– Абайдың 175 жылдығына байланысты «Қазақ даласының дара ақыны-Абай»,  және "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына  орай  "Әбу Насыр Әл-Фараби даңалық діңгегі"  атты кітап көрме  жыл бойы оқырмандарға қызымет көрсетеді.

Шебер қолдар





1ақпан күні  оқушылардың  демалысын  тиімді пайдалана  отырып,    біздін балалар кітапханамызда   оқушыларды мүмкіндіктерін жетілдіру барысында түрлі-түсті қағаздарды пайдаланып,  қабілетті оқушылардың қағазды бүктеу, қию істеріне үйрету, Қағаздан әр түрлі бұйым жасауға баулу мақсатында
 « шебер қолдар»  үйірмесінің  жұмысы арқылы,  оқушылардың шығармашылық  жұмыспен айналысуына ықпал етеміз.


Дарынды жазушы.




А.П.Чеховтың 160жылдығына арналған «Дарынды жазушысы»  кітап көрмесі ұйымдастырылды. А.П.Чехов өзінің шығармаларын бүркеншек ат арқылы жариялағанды жақсы көрген. Оның 50-ге жуық бүркеншек аты болған. Соның ішінде ең танымалы Антоше Чехонте болған.



Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.