Қазақ даласының дара ақыны – Абай!
Қаражал орталық балалар кітапханасы Абай оқулары аясында 15-17ші мамыр күндері Абай атыңдағы көшеде орналасқан Абай ескерткішінің алдында қаламыздың №1,6 жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен «Қазақ даласының дара ақыны - Абай» атты мәнерлеп оқулары өткізілді.Аталмыш іс-шарада  оқушылар  Абай  Құнанбаевтың  өлеңдерін жатқа да мәнерлете оқыды. Сонымен қатар, оқушылардан басқа да мекеме қызметкерлері де белсене ат салысты. Көпшіліктің назарына ерекше түскен қатысушылар: Абильдин Аян, Сажинова Дариға , Боранбай  Дария, Сембекова Жангүл , Өсербай Гүлназ, Темірболат  Маралтай, Кеңес Зәуре Мейрамхан  Ерсайын, Карипова Диана, Байжұман  Диас. Іс-шараның соңы Ақтай кеңтіндегі №6 мектеп оқушысы  Абильдин  Аян  А. Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты өлеңімен аяқтады. Кітапхана басшысы Көшкінбаева К.К қатысушылармен көрермендерге алғысын айтып, мектеп ұстазы Жамауова Жұлдызға  ерекше ризашылығың білдірді. Абай оқуларың жылдан жылға үрдіске айналдырып өткізуге ниет етті.






Жеңіс туы желбіреп!
Ұлы Отан соғысының  73 жыл  толуына   байланысты  Қаражал орталық  балалар кітапханасында  қазақтың  батыр  қыздарының  құрметіне  «Жеңіс туы желбіреп» атты  іс- шара өткізілді.
Мақсаты: қазақ  халқының  ер жүрек, батыр  қыздарының  жан  тебірентерлік  патриоттық  сезімдерін  Отанға  деген сүйіспеншіліктерін  тілге тиек  етіп, оқырмандармен  әнгімелесіп , оқушылардың  Отанға  деген сүйіспеншіліктерін  арттыру.
Бұл іс-шараға   Ақтай кеңтіндегі  №6  мектебінің оқушылары қатысты.   Қазағымыздың  қаһарман  қыздарының ерлігі үшін  қызыға  тыңдаған  оқушылардың  бойынан  Отанға деген патриоттық  сезімдері артып , әңгімеге  араласып өз пікірлерін  ортаға  салды.
Мысалы ,қазақ  халқының  тамаша ,ер жүрек, батыр қыздарының  бірі  Мәншүк  Мәметова өз еркімен майданға  аттану туралы өтінішінде былай деген:  «Мое  место там, где идут бой с врагом , я хочу собственными  руками  зашищать  свободу  своего  народа».  М.Мәметоваға  «Кеңес  Одағының  Батыры» атағы  1наурыз  1944жылы  қаза  болған  соң  берілді. Келесі  қазағымыздың  қаһарман  қыздарының  бірі-ол, әрине, Әлия Молдағұлова  20 жасқа  толмаған  қыршын  қыз, жау оғынан  қаза  табады.  Кейін  ерлігі  үшін «Халық  қаһарманы» атағын  алады. Бүгінде  қаһарман  қыздың  құрметіне  әр  қалаларда  көшелерге  оның  есімі  беріліп, мектептер ашылды.  Сонымен қатар  соғысқа өз еркімен  аттанған тағы  қаракөз  қазақтың батыр қызы-Рахила  Ералина. Ол Қарағанды  қаласының  Жаңаарқа  атты елді мекенінен  жерлесіміз.Біздің  Қазақстандық  қыздар  қан майданда  басқа  ұлт  өкілдерімен  бірге  табандылық  пен  ерлік  көрсете білді. Іс-шара соныңда Жеңіс жолына  жан тапсырған  қазақ  қыздарының  ерлігі ешқашан ұмытылмайтының айтып , оқырмандарға  зейін қойып  тыңдағаныңа  разылығымызды  айтық.


Мен жастарға сенемін




Қаражал қалалық  орталық   балалар кітапханасында  Мағжан Жұмабаевтың  125 жыл  толуына  орай  «Мен жастарға сенемін» атты  іс- шара ұйымдастырылды. Мақсаты : Мағжан – Абай поэзиясын жалғастырушы, ұлтын сүйген ақын екендігін таныту, өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне деген сүйіспеншілікпен жырлануы.Жастардың келешегіне зор үмітпен қарау,оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
Іс- шара  №1орта мектеп оқушылар  арасында  өтті.  М.Жұмабевтың   «Мен  жастарға  сенемін»  өлең  жолдарың   оқушылар кезектесіп мәнерлеп,  нақышына келтіре оқыды.
            Қортындылай  келе, балалар  кітапханасының  менгерушісі  Жаңабаева  Қарлыға балалардан  М.Жұмабаевтың  өлендерінен  қандай әсер алғандарын  сұрап , балалардан ынта қойып қатысқаны үшін жетекшілерімен оқушыларға алғысын білдірді.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.