"Қазақтын қайсар Қасымы"




18 сәуірде кітап апталық жоспар барысы бойынша  ұлы отан соғысының жауынгері Қасым Қайсеновтін 100-жылдығына орай  Қаражал орталық балалар кітапханасында №6Ақтай ауылының мектебінің  қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Жамауова Жұлдыздың   жетекшілігімен «Қазақтың қайсар Қасымы» атты іс - шарөткізілді. Іс шараға   қатысқан 6-сынып оқушылары бүгінде біздің батыр атамыздың «Жау тылында» кітабына тоқталып, талдау жасады,сонымен қатар  оқушыларға дайындап әкелген  Қ.Қайсеновтің фильмдері көрсетілді,Жамауова Жұлдыз  «Жау тылында»  кітабы бойынша оқып дайындағаның оқушыларынан жеке -жеке сұрап оқығандарың шәкіртерімен бірге  ортада талқылады.Қасым Қайсеновтің «Жау тылында» шығармасы жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеп,ерлікке баулуда таптырмас құрал десек артық болмас. Қасым Қайсенов –тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атағын алған үшінші батыр. Қ.Қайсеновтін 100-жылдығына арнайы өткізілген іс - шараның  соныңда кітапханашы Ибраева Мереке  жетекшілік  етіп әкелген қазақ тілі әдебиет мұғалімі Жамауова  Жұлдыздың  оқушыларымен талқылаған жұмысына риза болып, сүйсініп еңбегіне сәттілік тілеп,  кітапханамызда осындай жанашыр жас мамандарымыз көбйе түссе  нұр үстіне нұр болады ,- деп  сөзің түйіндеді.





12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. Бұл атаулы күн 1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген.



Өшпес  рухты үш тұлға.
Биылғы Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді кітабаптары 10сәуір күні балалар кітапханасында өнер мектеп оқушыларымен өткен  «Өшпес рухты үш тұлға» атты ақпараттық  сағат өткізілді, кітапханашы Мереке Жаңабевна оқушыларға бұл кітаптардың жыл бойы насихатталатының айтып, оқырмандарды бос уақыттарында  кітапханада өткізіп  жыл бойы  ұсынылған туындыларды талқылауға шақырды. Акцияның мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу,деп қортындылады. «Бір ел-бір кітап»жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналған акция шеңберінде оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстырылды.






Ғасыр  ата
 7-шы  сәуірде   балалар  кітапханасында өткен  кітап апталығы бойынша  Мұзафар Әлімбаевтің 95-жылдығына орай «Ғасыр  ата» атты  ақпараттық сағат өткізілді.  Іс- шараға    6 - сынып оқушылары қатысты.   Қазақтың  көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы ,Қазақстанның халық  жазушысы М.Әлімбаевтің  өмірбаянымен  таныстырылды.  Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданыңда емес,әдебиет майданындада көрсеткенің  , Отанды қастерлеп үйренгенің оқырмандарға  айта отырып,  оқушыларға  шығарманы  жан-жақты талдап,оқушылардың  танымдық  білімдік,  ізденіс,  қабілеттері  арта түсуіне  ықпал жасадық..  Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында  дүние салды.Мұзафар аға қазақ әдебиетінде  өшпейтін  із қалдырған  ақын-жазушылардың  маңдайалдысы, балалар әдебиетінің  қара  нары  еді. Іс - шара соңында  қорытынды сөзді жасай келе балалар кітапханашысы  Ибраева Мереке Жанабаевна   артындағы  іздеушісі, қалың  оқырманы барда  Мұзағаңның  мол  рухани  мұрасын  уақыт озған сайын  ұлт  игілігіне  қызымет  атқаратын  кәделі  дүниеге айналдыратынына еш күмән  келтірмейміз  деп  аяақтап , балалардан  қандай әсер алғандарын сұрап , ынта қойып қатысқаны үшін жетекшілерімен оқушыларға алғысымызды  білдірдік.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.