«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»
№1 ЖББОМ ұстазы Жадыра Рысқалиқызының жетекшілігімен Тәуелсіздік күніне орай
 9-сынып оқушыларымен Қаражал орталық балалар кітапханасында экскурсия өтті.


Менің тұңғыш президентім !
Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысақта , ел экономикасын,елтарихын,ұлт рухын,халықтын салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар,мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Тәуелсіз  ел болу,тұңғыш президенттің сайлануы ,осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі-халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. «Рухы күшті ел-алынбайтын қамал» дейді халық нақылы.




Үш бәйтерек –үш алып.
Бүгін  8 қараша күні  Қаражал орталық балалар кітапханасында Б.Майлиннің 125 жылдығына  арналған «Үш бәйтерек –үш алып» атты ақпараттық  сағат өткізілді .  Іш-шараға №7 жббо мектебінің  6-сыныптың 16 оқушысы  қатысты.  Біздің мақсатымыз: оқушыларымызды ұлтымыздың үш бәйтерегі  Сәкен,Ілияс,Бейімбет сынды өнер, қоғам қайраткерлері болған арыстай ер азаматтарымыздың ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып үйренуге баулу. Іс-шара барысында  кітапханашы Ибраева .М.Ж. әдебиетіміздің үш бәйтерегі  С.Сейфулин,І. Жансүгіров, Б.Майлиннін өмір жолымен таныстырып өтті.  Іс-шараға қатысқан оқушыларымыз  әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалардың  өлең  шумақтарын  кезектесіп оқып,айтып шықты.   Тәуелсіздікті ту еткен  қазақ халқы осындай ағаларымызды мақтан  тұтады.








Қызыл телпек.
Қаражал орталық  балалар кітапханасының кітпханашысы Ибраева Мереке.Ж.01.11.19ж   балаларды жан-жақты дамыту ретінде қалыптастыру мақсатымен  қаламыздың «Улыбка» балабақшасына барып,кішкентай топтағы бүлдіршіндерге Шарль Перроның    «Қызыл телпек» ертегісін оқып бердік..  Бүлдіршіндерді «Қызыл телпек» ертегісімен  таныстырып, ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата  білуге баулыдық. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке  құрылған. Ертегі-фольклордың негізгі жанрларының бірі.  Ертегі жанры –халық, прозасының дамыған, көркемделген түрі, ертегідегі кітаптардың суреттері  мен  мазмұнына байланысты  түсіндіріп  кітаптарға шолу жасадық.Іс-шараның сонында бүлдіршіндерге тәтті үлестіріп,  бір қуанттық.Балабақша  тәрбиешісі  бүлдіршіндерді біздін кітапханамызға  жиі қонаққа әкеліп тұратынын айтып қуантты.





Жазғы лагер кезіндегі саяхат
.Бүгін біздін Қаражал орталық балалар кітапханасында №7 ЖБОМ мектебінін  балалары  қонақта болды.  Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.  Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына  қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта-лагерь .   Осы мақсатта:  біздің  кітапханамызда  лагерь тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде  балаларына арналған  әртүрлі  ертегілер, кітаптарына шолу жасап, дауыстап оқытып, қызықты мультиктар  дайындап  үлкен  экранның алдында көргенде    балаларды қуантуға  үлкен  септігі тиер деген ойдамыз.




Ұмытылмас асылдар!




31-мамыр-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Қасіретті кезенде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары.



Бала-бағы бар елдің
Біздің  өсіп  келе  жатқан  балғындар, ертеңгі  күніміздің  болашақтары!  Қаражал   қаласының  «Улыбка»  балабақшасының  бүлдіршіндерімен  Қаражал орталық балалар  кітапханасында   1-маусым  балалар  күнінің  қарсаныңда  «Бала-бағы бар елдің» атты  әуенді-мерекелік   кеш өткізілді. «Улыбка» балабақшасының бірқатар білімді әрі білікті тәрбиешілерінің дайындауымен, атап айтқанда Шубай қызы Ұлжан, Балтақожа қызы Гүлзада, Серікқызы Баянның ұйымдастырумен өте керемет кеш өтті деп сенеміз.
Кештің мақсаты: Өсіп келе жатқан балғындарды кітапханамен таныстыру, келешекте кітапхананың оқырманы болуға ниеттеу. Еліміздің патриоты болуға шақыру.
Мерекелік кеште «Гүлдер» тобының балаларының  сыңғырлаған әсем үнді дауыстарымен ән шырқап, мың бұралып би билеп, тәтті тілдерімен тақпақтарын айтты. Аталмыш іс-шарада балалар улкен экраннан қызықты ертегілер көріп, караокемен ән  шырқады. Қатысқан әр бала өз өнерің жоғары деңгейде көрсетіп, көрермен қауымға қуанышты көңіл –күй  сыйлады. 
Ия, бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы, бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ.  Осындай тәтті  бүлдіршіндерімізге қарап, балалық шағымызға саяхат жасап өткендей болдық.  Біздің қызықты кештеріміз  бұл бүлдіршіндермен әлі де жалғасын табады.   «Улыбка» балабақшасының  «Гүлдер» тобына  ақ тілегімізді  білдіре отырып, тәттілерден  үлестіріп , арнайы  дайындап әкелген  апайларына шексіз  алғысымызды білдіреміз!
            1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні   құтты болсын!!! Елбасы айтқандай еліміздің жарқын болашағы – жастардың қолыңда деп, өсіп келе жатқан жасөспірім балалардың қолында деп сенім білдіріп, үлкен үміт кетеміз.  

                 


Оқушыларды елінің патриоты болуға,Отанын сүюге, тәрбиелеу.
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне "Біз Отанның сарбазы"атты мерекелік кеш.Балабақша"Улыбка" ересектер тобы.

«Үйім –менің Отаным»



«Үйім –менің  Отаным»

Қаражал  орталық балалар кітапханасында  балалар кітап апталығы аясында 05.04.2019 жылы  Фариза Оңғарсынованың  80-жыл толуына  орай №7 ЖББОМ мектеп оқушыларының қатысуымен «Үйім –менің Отаным»  атты  поэзиялық кеш  өткізілді.
Іс-шара мақсаты: Ф.Онғарсынованың шығармашылығын насихаттау:жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.
Кітапханашы М.Ибраева поэзия падишасы – Ф. Онғарсынованың өміржолы және шығармалығымен таныстырды. Оқушылар өз тарапынан «Үиім –менің Отаным» өлеңін  кезектесіп оқып, бір-бірлерімен ой бөлісті. Кеш сонында кітапханашы  қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.
                                                      



Тар жол тайғақ кешу




Қаражал орталық балалар кітапханасында  Жылдағы дәстүр бойынша балалар кітап апталығы  жоспарымен С.Сейфулиннің 125-жылдығына арналған, «Тар жол тайғақ кешу» атты әдеби шығармашылық іс-шарамыз өтті. Бұл шара  №.7 мектептін 6 ә  сынып  оқушылар арасында  болды. Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар сұрақтарға жауап қайтарып,  белсенді қатысып отырды.   16-оқушы қатысып, оқушылардың бірі Сажанова  Ақбота  С.Сейфуллиннің  шығармасын дауыстап оқыды. С.Сейфуллинің  "Тар жол, тайғақ кешу" романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Бұл шығарма тарихи - мемуарлық роман. Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұнғыш роман-эссе -"Тар жол, тайғақ кешу". Шығармада 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылады. Тар жол,тайғақ кешу бір жағынан, тарих, екінші жағынан, саяси оқулық, үшінші жағынан, оқушыны өзіне еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма,-деп бағаланады«Тар жол, тайғақ кешу» жазушының іздену, үйрену үстіндегі өзі көріп білген өмір шындығының шежіресі. Оны қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі іздену, үйрену үстіндегі романға жол салған алғашқы эпикалық туынды деп қараған дұрыс. Іс-шара соныңда балалар кітапхана менгерушісі  Жаңабаева Қарлыға балалар кітапханашысы Ибраева Мереке сынып жетекшісі Касимова Р.З ж/ә оқушыларға ризашылығымызды білдірдік.





Бәрі де, ана ,бір  өзіңнен  басталады.
Құрметті аналарды көктемнің мерекесімен құттықтай отырып, Қаражал орталық балалар кітапханасында «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік әдеби ән кеші өткізілді.Бұл кешіміздің  басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Бұл музыкалық кешіміз №7мектеп оқушылары  Мұхаметжановпа Ажар,және Жұмабаева Меруерттін  жүргізуімен өткізілді, №7 мектеп оқушысы  Аманкеш Тоғжан  Әні.  Ш.Қалдаиақовтын .сөзі Ғафур  Қайырбековтікі «Ана туралы жыр» әнімен әдеби ән кешімізді  бастады.  Келесі әнді №1мектеп оқушылары Құсайновтар  отбасылары «Көктем келді» әнімен жалғастырып, Бауыржан атты  оқушымыз гүлдей құлпырған қыздарымызға арнап «Қызбала гүл» атты  өлеңің  тарту етті.  Өлең аяқталып болған соң  сынып оқушыларының аналарға арналған  тақпақтары айтылып,  қыздар тобы би биледі,  көрермендер қошеметтеп  қол соғып отырды.  Кеш аяғында оқушылар өнерін аналарға  арнай отырып, «Анаға сәлем»  әнімен  аяқтады. Өлен аяқталып болған соң   келген қонақтарды  мерекелерімен
құттықтап, көңіл қойып  тыңдағандарыңа  көптен-көп алғысымызды білдірдік!







  1. Ә.Тәжібаев талантты ғалым.
  2. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Қаражал  орталық балалар кітапханасында 2019жылғы  жасалған жоба аясында «Әбділда Тәжібаев талантты ғалым» атты Ә.Тәжібаевтың  өлеңдеріне" арналған    шығармашылық іс-шарамыз    №7 мектептін,  7- сынып оқушылары  арасында  өтті. Бұл шараға 17 оқушы қатысып, ақынның өмірбаянына тоқталып,өлең,поэмаларынан үзінділерді  дауыстап оқып,талдады.
  3. Мақсатымыз :оқырмандарды  ақынның шығармашылығымен таныстыру. Әбділда Тәжібаев сонымен қатар осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. . Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. .

Мұқағали Мақатаев-ақиық ақын туғанына 88жыл толуына орай кітап көрмесі.



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру



Нұрсұлтан  Назарбаев
  1. Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру

Рухани жаңғыру ұлттық сананың  түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра  алатын  құдіретімен маңызды. Бұл ретте, тұтас қоғамның  және әрбір қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытын атап  өтер едім.
1.Бәсекелік қабілет
2.Прагматизм
3.Ұлттық  бірегейлікті сақтау
4.Білімнің  салтанат  құруы
5. Қазақстанның  революциялық  емес, эволюциялық  дамуы
6.Сананың  ашықтығы
Қазіргі медиа мәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер»емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар  қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық  ақпарат құралдарының  басты нысанасына  айналуға тиіс.
Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.
1.Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап  жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.
2.Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің  жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының  өңірлік  нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың  алтын қорына енетін  тұлғаларды білуге тиіс.


Әдебиет күнтізбесі



Әдебиет  күнтізбесі
Сіздерге биылғы 2019 жылғы мерейлі тойлары атап өтілетін көптеген  ақын жазушылардың И.Жансүгіров(125)ж, С.Дөнентаев(125)ж,. К.Әзімбаев(135)ж, Б.Соқпақбаев (95)ж, Р.Қошқарбаев(95)ж, М.Жаманбалино(95)ж. Ә.Кекілбаев(80)ж, Т.Рысқұлов(125)ж, Ә.Қалдыбаев(80)ж, Қ.Сәтбаев(120)ж. Ә. Молдағұлов (95)ж. Ф.Оңғарсынова(80)ж. М.Өтемісұлы(125)ж. Ж.Аймауытов (130) ж,Қ.Найманбаев(80)ж, Ә.Қастаев(115)ж, С.Сеифулин(125)ж, Ә.Тәжібаев(110)ж. С.Жүнісов(85(ж, О.Жандосов(120)ж,-толуына байланысты  әдебиеттік күнтізбеміздегі  кітап көрмені оқырмандарымыздың назарларына ұсынамыз. Ұсынылған әдебиет туралы өз пікірлеріңізді айтып,  әртүрлі тақырыпта  көкейкесті сұрақтарынызды қойуға болады. Жазушылар мен қазақ лирикасының шеберлерінің шығармалары ешқашан ескірмейді, керісінше жылдар өткен сайын жаңара береді. Көркем әдебиет әр оқырман үшін бағалы құндылық. Қымбатты оқырмандар біз сіздерге, көмек көрсетіп, биылғы ұсынылған кітап көрмеміздегі әдеби кітаптарға шолу жасаймыз.  Бұл шолу сіздерге биылғы жылдағы танымал  ақын-жазушылардың  кітаптарының сырын  ашады.
Қаражал қалалық орталық балалар кітапханасы.

Ұлы даланың жеті қыры



Ұлы даланың  жеті қыры
Бұл-тарихта деген дұрыс ұстаным.
Сонымен,Ұлы даланың  жеті  қырына  тоқталайық.
1.Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы  шаруашылығы  жер жүзіне  Ұлы  даладан тарағаны  тарихтан  белгілі.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Қазба жұмыстары барысында табылған  металл қортатын пештер мен қолдан жасалған әшекей  бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық  заттары мен  қару-жарақтары бұл  туралы тереңнен  сыр шертеді. Осының  бәрі  ежелгі замандарда  біздің  жеріміздегі дала өркениеті технологиялық  тұрғыдан  қаншалықты  қарқынды  дамығанын  көрсетеді.
3. Ан   стилі
Олар  оюлап  кескіндеуді , металмен жұмыс істеудің  техникасын ,соның  ішінде ,мыс  пен қолдан  балқымалар  жасадың  және  құймалар  құюдың  жайма      алтын  дайындаудың  күрделі  әдістерін  жақсы  меңгерген. Жалпы «ан стилі» феномені әлемдік  өнердегі  биік  белестердің  бірі саналады.,
4.Алтын адам
Жауынгердің  алтынмен  апталған киімдері   ежелгі шеберлердің  алтын  өңдеу техникасын  жақсы  меңгергенін  аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің  зор қуаты мен  эстетикасын  әйгілейтін  бай мифологияны  паш етті.
5.Түркі әлемінің бесігі
Орасан зор кеңістікті  игере білген түркілер ұланғайыр далада  көшпелі және отырықшы өркениеттің  өзіндік  өрнегін  қалыптастырып, өнер  мен ғылымның  және  әлемдік  сауданың  орталығына  айналған  ортағасырлық  қалалардың  гүлденуіне жол ашты. Мәселен орта ғасырдағы  Отырар қаласы әлемдік  өркениеттің  ұлы ойшылдарының  бірі –Әбу-Насыр  Әл –Фарабиді дүниеге әкелсе,түркі халықтарының  рухани көшбасшыларының  бірі Қожа  Ахмет Ясауи  Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.,
6.Ұлы жібек жолы
Дала белдеуі  Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу  Шығыс және славян  өркениеттерін  байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының  аумағын қамтыды. Оталық  Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезкңде Ұлы Жібек жолы  гүлдену  шегіне жетіп, халықаралық  ауқымда экономиканы өркендетуге  және мәдениетті дамытуға  септігін тигізді.
7. Қазақстан –Алма мен  Қызғалдақтын отаны
Асқақ  Алатаудың  баурайы  алма  мен  қызғалдақтың  «тарихи отаны» екені  ғылыми тұрғыдан  дәлелденген. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының  арғы атасы-Сиверс  алмасының  отаны  саналады.Дәл осы тұқым ең көп таралған  жемісті әлемге тарту етті.

Білімнің қайнар көзі – кітапта!





Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» - деген сөздерін алға қойып, Қаражал орталық  балалар кітапханасында  2019 жылғы жасалған  «Білімді ұрпақ - мақтанышымыз» жоба аясында  «Білімнің  қайнар  көзі  кітапта»   атты  кітаптармен таныстыру жайында ақпараттық  сағат өткізілді .  
Біздің мақсатымыз: бұл шараларды тек өткізіп қою емес, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, өмірге деген талпынысын шыңдау болып саналады.  Ақпараттық сағатқа  № 1 жббо мектебінің  аға тәлімгер Рысбике Қайрулла  қызының жетекшілік етіп әкелген  7-сыныптың 16 оқушысы  қатысты.  Атап айтқанда бұл ақпараттық сағатқа  ерекше қатысып зейін қойып  отырған  Тұштаева Сағыныш,  Қабыкен  Дана, Шойынбай Айым, Ермекбай Адина, Отарбаева Аяаулым, Киікбай  Адиат, Бақыт Уали, Бекетаев Ғалымжан  өз пікірлерімен бөлісіп отырды.  Олардың бойына ана тілге деген қызығушылығы арта түскенін  аңғардық  осы  жоба  аясында өткен «Білімнің қайнар көзі кітапта» атты ақпараттық  сағатта  жақсы белсенділік көрсетті.  Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.   Оқушының ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындатар орда кітапхана.  Мүмкін болған жағдайда осындай  белсенді оқырмандармен  бірге жұмыс жасасса бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.