Зұлмат жылдар.




Зұлмат  жылдар.
1937 жылы ҚР  Президентінің  Жарлығы  шығып,соған сәйкес31-мамыр  Саяси  қуғын –сүргін  құрбандары  күні  болып  жарияланды, ал ҚР  үкіметіне  жыл  сайын  31 мамырда  саяси  қуғын- сүргін  құрбандарына  арналған  ісшаралар  әзірлеп  өткізу  тапсырылған.
1937-1939  жылдар  аралығында  қазақтың  бас  көтерер  зиялы  қауымының  көпшілігі   қуғын  сүргін  құрбанына  айналды.
Жұбан  Молдағалиев «Мен  қазақпын» атты өлеңінде,
Мен-қазақпын  мың  өліп, мың  тірілген,
Жөргегімде  таныстым  мұң  тіліммен.
Жылағанда  жүрегім  күн  тұтылып,
Қуанғанда  күлкімнен  түн  түрілген –деп  жырлағандай,  қазақтың  басынан  өтпеген  зұлмат  кемде-кем.  Алайда,  тоталитарлық  саясаттың  машинасы  бәрінен  асып  түсті.   Қазір  осы  датаны  аза  тұту  күні  ретінде  атап  өту  парызымыз.  Себебі  өткенін  ұмытқан  ұлттың  болашағы   да  жоқ.

Ұлы Жеңіс-туы


Ұлы Отан соғысының тарихы Биыл Ұлы Жеңіске 72жыл.Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601000-ға дейін жетіп отыр, оның 350мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқандардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жеріңде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустармен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдаңдағы ерлігі үшін 520қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы -ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

Қарулы Күштеріне -25жыл

Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне-25жыл. Жиырма төрт жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті.
Шаттық шеңбері.
Елді жаудан қорғайды
Әскерлерім -айбыным!
Мықты болса әскерім,
Біз көрмейміз қайғы -мұң.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.