Биыл  2018-жыл   ит  жылы.  Ит  адамның  досы.  Ит  жылының  басты  сипаттамасы- махаббат  пен  адалдық .Әріптестер мен оқырмандарымызды Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2018 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамала
рыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Ескі Жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алайық. . Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға  Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сіздерге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмай, қанаттарыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық.  Жаңа Жылда елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!


"Тәуелсіздік тағылымы"




      Орталық балалар кітапханасында тәуелсіздік күніне орай   «Тәуелсіздік  тағылымы» атты іс-шарамызды  өткіздік.
Тәуелсіздікке кемеңгер үш би де, ұлы Абылай хан да, басын бәйгеге тіккен баһадүрлер де жете алмады. Біз жеттік. Сөйтіп, көз алдымызда жер де, ел де, адам да, қоғам да, заман да демде өзгеріп еңсесін көтерді. Небары жиырма алты жылдың ішінде бүтіндей жаңа мемлекет — Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Бүгінде орталық балалар кітапханасында  басымызға бақ  қоңып, іргелі елдін бақытты болашағы болып отырған оқырмандарымыз  өнер мектебінің   оқушыларымен «Тәуелсіздік  тағылымы» атты іс-шарамызды  өткіздік.   Бейбіт өмір арқасындағы  жетістектерімізді суреттермен салды . Бұл суреттерден оқушылардың  болашаққа деген пікірлері байқалады.
. «Тәуелсіздік тағылымы» берік болсын!



Жаңа кітаптар келді. Келіңіздер, оқыңыздар!




Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап мекені, кітаппен сырласатын қасиетті де, кастерлі орын... Жуырда  балалар кітапханасында кітап  қоры молайғанынан хабардар  етеміз. кітаптардың жаңа легі туралы сіздерге біраз мәлімет беруді жөн көрдік. Оқырман қауым қызықты көптеген деректер, мәліметтер, дәлелдермен таныса алады. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат - оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.
Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
«Кітаптар – сөйлемейтін ең адал достар: олар – әрқашан жаныңнан табылатын данышпан кеңесшілер, сондай-ақ, олар – сабырлы ұстаздар»

 Биыл  көрнекті әдебиеттанушы  ғалым, этно-граф,өнер зертеушісі,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы,профессор  Арқаның  арысы жерлесіміз А.Сейдімбектің  туғанына 75жыл толуына ына орай көрме ұйымдастырылды.Көрмеге жазушының кітаптары мен жазушы туралы  шыққан мақалалар қойылды. №1,№.7 жалпы орта білім .мектептерінің оқушыларына таныстырып,жазушының  өмірбаяны мен қызыметте өсу жолдарына тоқталып шолу жасап өттік.


«Күз ханшайымы».




  Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде де болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары- қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктемде қабат- қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз күзге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.
Күн қарына алады,
Күздің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
.Бүгінде біздін мақсатымыз; Күз дегеніміз-жаз даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық., күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.
Қаражал қалалық орталық балалар кітапханасында өткізіліп жатқан «Күз ханшайымы» мерекесін тамашалаған қонақтарымыз бүгінгі  төменгі сыныптастар арасында өткен әр түрлі тақпақтар, билер ,ойындарын тамашалап көріп бағасын берді. Бүгінгі күнің женімпазы  біздін кішкентай  ханшайымыз №7мектеп 1сынып оқушысы Серік  Дария  Бекзат  қызы «Күз ханшайымы»  деп марапатталды.
Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз күзге деген құрметімізді көрсеттік.
Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.