«О, адамдар біргемін  мен  сендермен!»  атты  балалар кітапхасында Ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына арналған  әдеби кеші өтті.
 Мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру, оқушыларға Т. Айбергеновтің  өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, Балалар кітапханасында  жыл сайын  көктемгі демалыс аралығында қала мектептері  оқушыларының қатысуымен «Кітап апталығы» өтеді.  Бүгінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларының күшімен ақынның  80 жылдығына орай өткен  іс-шараға   №1 мектеп, 3-сынып  оқушылары қатысты.  Кештің   қызықты  өтуіне оқушылар көп ықпал жасады. Т. Айбергеновтың өлеңдері ақынның жас кезінде-ақ ауыздан-ауызға тарап кетті. Ол халық ақыны болып қалды және ақын ретінде биік шыңға шықты. Оның өлеңдері қай кезеңде де үлкен сұранысқа ие.






Құрметті оқырмандар, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, руханилықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Орталық қалалық балалар кітапханасында   2017 жылдың 18 наурыз күні    22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнiне арналған  «Ұлыстың ұлы күні!» атты кітап көрмесі  болды.
 Шараның мақсаты: оқушыларды шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру халықтық мейрамның барысы, маңызы туралы мағлұмат беретін кітапхана қорындағы бар кітаптарды өз қажетттіліктеріне жарату.         Кітап көрмеде  Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақтың киіз үйі туралы, ұлттық тағамдар және де басқа ұлттардың салт-дәстүрін дәріптейтін «Әз -Наурыз!», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Құт береке мейрамы  Наурыз жасасын!», «Қазақтың киіз үйі», ,  «Қазақтың ұлттық тағамдары»,  туралы  кітап,журналдар қойылды. Бұл кітап, журналдарда   қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары, халықтық дәстүр тәрбиесі туралы арнайы айтылады   . Көрме айдың соңына дейін созылады.Бұл көрмені  келген  оқырмандар  тамашалайды.
 Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!




Орталық балалар кітапханасында  2017 жылдың жоспарланған «Кітап апталығы» бойынша Естай Мырзахметовтің 80жылдық мерейтойына арналған «Ел жүрегіндегі Ес-аға» атты ақпараттық сағат  өтті. №7  мектебінің 4«а» сынып  оқушыларың ұстазы  Берлибаева Нұргүл  Сағымжановна  жетекшілік  етіп  әкелді.
Іс шараға 22-оқушы  қатысты.  іс -шараның мақссаты;
Естай  Мырзахметовтың әдеби мұрасын        саралап,жәнезерделеп  түсіндіру. 
  Естай Мырзахметов  Көкшенің ардақты азаматы, көпті көрген, өмір мектебінің талай қиын-қыстау кезеңдерін бастан кешірген, қазақ халқының әдеби мұрасының сан қилы сырын жақсы білетін және оны кейінгі ұрпаққа насихаттап кеткен ардақты ағаларымыздың бірі. Естай Мырзахметов -ойы жинақтылығымен, тіл шеберлігімен ерекше аталатын жазушы;
Естай Мырзахметов оқырман жүрегіне жол тапқан, адам психологиясының қилы-қилы қырын ашып, қазіргі өміріміздің талай құбылыстарын шығармаларына арқау ете отырып, жас ұрпаққа жоғары идеялық эстетикалық тәрбие беруге өзіндік үлесін қосқан қаламгер».Оқушыларға  білімнің  кітап  арқылы  берілетінің  ұғындырып,ғылым  мен  білімнің  пайдасы  жөнінде  түсіндіріп оқушылардың  кітапқа  деген  қызығушылығын  арттыру. Кеш  соныңда  іс шарға белсене  қатысқан  оқушыларға ұстаздарына  алғысымызды  білдірдік.







«Балалар кітап  апталығы» кітапханада жылда оқушылардың  көктем каникулы кезінде өткізіледі Апталық бойы  кітапханада  өткізілетін  іс-шаралар мектеп жасына дейінгі  балалардан  бастап 15 жастағы балаларды  қамытады.Бүгінгі  әдебей  кешіміз  қазақтың  әйгілі  жазушысы ,қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академясының  академигі.филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген  ғылым  кайраткері Мұхтар Әуезовтің  туғанына 120 жылдық мерейтойына  арналды.   Тақырыбы«Әлем   таныған  Мұхтар» атты  іс шарамыздың мақсаты;  Қазақтың ұлы жазушысы, М.Әуезовпен таныстырып оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту. Бүгінгі  іс шарада  №7 орта мектептін  ұстазы Абдугалиева  Ансаған  Аманбековна жетекшілік етіп әкелген 3 «а» сынып оқушылары  қатысты. Балалар  өздерінің  әдеби шығармалары  мен  кейіпкерлерді  саралау  қабілеттерін  және  астарлы  сөздерді, кітап кейіпкерлер  әрекеттерін  түсінулерін  көрсете  алды.
 «Мұхтар  Әуезов-біздің  бүгінгі  адамзатқа  ортақ  мәдениет  шеруіне  қатысуға  жолдама  алып  берген  елшіміз»
Н.Ә.Назарбаев.






Ризамыз  оқырмандарымызға!
Орталық  балалар  кітапханасында 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Ризамыз  оқырмандарымызға» атты  іс-шара өткізілді.
Мақсаты:  Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен,кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,әдептілікке,кішіпейлдікке, ізетілікке тәрбиелеу.
 Алғыс айту осымен екінші жылы  тойланып отыр.Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.Бұл іс-шараға №1 жалпы білім беретін  мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.Шара барысында балаларға тақпақтар ,жұмбақтар айтылып,  Кітапханашы Ибраева Мереке  Жаңабаевна алғыс күніне арналған слайды көрсетілді. -Алғыс, ризашылық дегенміз не? –туралы балаларға түсіндіріп өтті.Сонымен қаттар оқырмандарымызға кітапханаға келгеніне алғысымызды  айттық.Шараның соңында кітапханашы Жаңабаева Қ.Т. қортындылап өтті.


Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.