Тәуелсіздік күні құтты болсын!



Жихадтың шын мағынасы және оның діни экстремизм мен халықаралық терроризм мазмұнындағы трансформациясы



«Қаражал  қаласының  ішкі саясат, мәдениет және  тілдерді  дамыту   акімшілігінде  24 қарашада  Қарағанды облысынан  «Нұрлы Білім» деструктивтік діни ағымдардан  зардап  шекендерге көмек орталығы»қоғамдық  бірлестігі  дін танушы Сыздықов  Рустем .М.келіп « Діней  экстремизм  мен  халықаралық тероризм»   мазмұнындағы  көп  деген   біз білмейтін жәйіттармен  таныстырды.. Ата-аналарға кеңес  беріп  балаларымызды  деструктивті  ағымнан (адасқан  ағымнан) қалай сақтауға болады? жәнеде  Жеткіншектер  мен  жастарға  арналған  діни  қауіпсіздіктің  негізгі ережелерін  түсіндіре отырып , жеткіншек  өзінің  үйреншікті  тұрмыс  салтын өзгертсе; ақша жұмсауы көбейсе, туыстарынан, достарынан  қарыз алса,немесе керсінше ,балада қайдан келгені белгісіз ақша пайда болса,ерекше назар аударуды ескертті  Сақ болыңыздар!  Деструктивті  бағыттағы  діни  ағымдар  өз  қатарына  көптеген  жаңа  адамдарды  қосып  алу  үшін  өздерінің  тәжірибесінде  бірқатар  айла-тәсілдерді  қолданады. Жеткіншек  теріс  дінің  ықпалында  қайта  оралуы  соншалықты қиын. Деструктивті , дәстүрлі  емес  діндердің  ықпалына  мейлінше  ұшырағыш  және  еліктегіш  жастар(14-тен 29жасқа  дейінгілер)болып  табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  басқаруымен  дін  саласында  мемлекеттік  саясатты  заңды  түрде  бекіткен, конфессияаралық  келісімнің  ерекше  моделі  жасалды. «Қазақстан-зайырлы мемлекет. Сондықтан  біздің  дін  саласындағы  саясатымыз  конфессияаралық  татулық  пен  төзімділікті  нығайтуға  бағытталған.  Бізде  діни  сенім  бостандығына  Конституция  кепілдік  береді» Н.Ә.Назарбаев
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген қадірлемеген   адам  толық  мәнді  интеллигент  емес деуге  болады. Себебі ол  қандай  мамандық  білімі  болса  да  рухани  ой тәрбиесінде  сыңаржақ  азамат  болады»
Мұхтар  Әуезов.
Жихадтың шын  мағынасы және оның  діни  экстремизм  мен  халықаралық  терроризм  мазмұнындағы  трансформациясы туралы  семинар   өтті, осыған  орай   Қаражал  қаласының орталық кітапханасының  кітапханашылары   көп мәселелерді түсініп үйрендік.,  Алдағы уақытта  жас оқырмандарымызға .,  насихаттап,  іс шара  өткізуге мақсат  қойдық



  Қаражал қаласындағы орталық балалар кітапханасында  Қазақ елінің тұңғыш президентінің күніне арнап «Елін сүйген , елі сүйген  Елбасы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.Көрмеге  елбасы туралы кітаптар,елбасымызға балалардың арналған өлеңдері және буклеттер қойылды.  1-желтоқсанда  Қазақстанда  жалпыхалық  бірінші  президент  сайлауы  өткізілген. Дауыс  беруге  қатысушы  республика  тұрғындарының  99,88 пайызының  дауысын  алған   Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаев  Қазақстанның  халық сайлаған  тұңғыш  президенті  аталғанын ,  сондай-ақ  елбасымыздың өмірбаянына, тәуелсіздік жылдардағы еңбек жолдарына тоқталып,өттік.

Тәуелсіздік





Қазағым  қайтты әр  қырдан,
Қазаным  қайтты –әз  мұрам.
Түркістан  түлеп  төрімде,
Айдай  жаңа  жаңғырған.
Жолына  шалам  жан  құрбан.
Көк  туым  дара  шаншылды.
Кебіннен  тілім  аршылды.
Тәуелсіздік-жұртым-ау,
Шапағаты  жар  сынды.
Тұмар  таққан  таң  сынды.
Қайтқаны  хақ,  қадамы-ақ,
Қағаным  мінген  қазанат.
Қалың  будун  қағанат.
Тонықөкті  тасқа  қашатып,
Қанағаттан  жазған  хат.
Қанағат, халқым, қанағат.
Рухым  қайта  оралған.
Ұлысым  қайта  оңалған.
Арқаға  қонған  алтын  тақ,
Тумысын  тапқан  жоғалған.
Елдіктен  өзге  ендігі
Алты  Алашта  жоқ  арман.
Бәрінен  де  сол  арман.

"Тәуелсіз" атты бар арман


«Тәуелсіз!» деген  бұл  ұғым-
Таймайтын  менің  тұғырым!
Сол  үшін, иә сол  үшін,
Әкем  де  берген  ғұмырын.
Бабам  да солай  жар  салған ,
Жар  салып  өткен  қанша  арман?!
Сарыарқам  содан  сарғайған,
Тауларым  басын  қар  шалған.
Кең  байтақ  мына  даламнан,
Талықсып  барып  нәр алған.
Тәңірге  жеткен  дауысы-
«Тәуелсіз» атты атты  бар  арман!
Сол  арман  маздап  жанбаса,
Арыма  қамшы  салмаса,
Арыстан  туған  ерлерім,
Алдаспан  қолға  алмаса,
Атасыз  құл  боп  өтер  ем,
Батасыз  күл  боп  өтер  ем,
Отанда  жүріп, Отансыз,
Болып  бір кетсем, не істер ем?!
Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.