Аққан жұлдыз.


Қазақ халқының рухани тіре­гі­нің бірі ғалым Шоқан Уәли­ханов­тың туғанына183 жыл то­луына орай «Аққан жұлдыз»  көрмесі:
Қам­шы­ның сабындай аз ғана ғұмы­рын­да халқына мол мұра қал­дыр­ған ,
классик жазушымыз Ғабит Мүсірепов “Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!” деген бо­латын. Бұл барша қазақстан­дық­тардың мерейін өсіретін баға ре­тінде отандық ғылымның әлемге танылуына септік жасайды. 







« Кітаппен дос болу сәби шақтан басталу керек»
Қаражал  орталық  балалар  кітапханасы  кітаппен,кітапханамен  қарым-қатынас  жасаудың  қолайлы  мезетін  жібермеу үшін  қаламыздағы  балабақшалармен  мектептердегі  мектеп  жасына дейінгі бүлдіршіндермен тығыз  байланыста  жұмыс  жасаймыз. Біз бүгін №1орта мектеп ішінде  орналасқан  мектеп жасына дейінгі   бүлдіршіндерге  арналған «Ботақан»тобына     « Кітаппен дос болу сәби шақтан басталу керек» атты іс-шарамызбен  келіп кітапханамыздағы  әсерлі де көркем  бояуы ашық суреттерімен  қызықтыратын  балаларға  арналған  кітаптарды  апарып  таныстырып, оқып,сол  суреттері  бойынша  сүрақтар,жұмбақтар дайындап  ойындар  ойнаттық . Біздін   келу мақсатымыз:  бүлдіршіндердің  білімге деген  қызығушылық қасиеттерін  артыру.  Кітап оқуға тарту     түрлі-түсті әдемі кітаптарымызды апарып ертегілер  оқып, апарған  кітаптарға  шолу жасаймыз. Ол  жерде мектеп  жасына  дейінгі балалар  үшін әртүрлі тақырыпта  кітап  көрмелер  әзірлеп,балаларға өз бетімен  өздерін  қызықтырған   кітаптарды  қарап, беттерін  аударуға  рұқсат  етеміз. Біз бүгін  бүлдіршіндерге  барып  « Бауырсақ» халық  ертегілерін  дауыстап  оқыдық.оқыған  кезде  балалардың  назарын ертегідегі болып  жатқан  оқиғалар баурап  алғаның  көрдік., Балалар мұхият  ықыласпен  тындады, оларды  кітапхана  жұмысының  ерешеліктерімен  таныстырып, ен бастысы  кітапты мазмұны бойынша –ертегілер,жұмбақтар, әнгімелер және тағыда басқаларын өлен және  қара  сөзбен айтып  өттік. Ал біздің іс-шара бүлдіршіндердің  естерінде  қалып, бүлдіршіндерге  жақсы көңіл-күй  силадық . Қоштасарда  ата-аналарымен  кітапханаға  келіп, оқу  үшін  өздеріне  ұнаған   кітапты  үйлеріне  алуға болатындары  жөнінде  ұсыныс  айтылды.





«Балалардың кітап оқуы- елдің  зияткерлік  әлеуеті :проблемалары мен шешу жолдары»
Биыл 2018ж. 4-5 қазан аралығында «Саржайлау» кинотеатрының залында Абай атындағы Қарағанды облыстық  балалар кітапханасының 65жылдығына  арналған республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтті.    Конференцияда Қарағанды  облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы, балалар жазушысы ,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толымбек Әбдірайым,  балалар жазушысы, «Дарабоз-2015»әдеби сыйлығының 1 дәрежелі дипломанты      Джумагельдинова Дарья Төкенқызы,  балалар жазушысы Ернұр Сейдахмет қатысты.Сағат 14.30-16.00 аралығында  балалар  жазушыларымен кездесу   өтіп, кітап оқу провлемалары бойынша дөнгелек үстел өте қызықты әр түрлі мәселелер мен пікірлерге жазушы ақындар, өз ойларымен бөлісті.  5қазан күні 2-секциясы басталды  Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының  қызмет көрсету бөлімінің  менгерушісі Идрисова Камила Самсенқызы «Кітапқа деген сүйіспеншілік үшін! Жас ұрпақ оқырмандарын кітап оқуға тартудың стратегиялары» туралы «Балалар әдебиетінің мәселелері» туралы түсініктеме айтты.  Конференция жұмысының қорытындысында   буктрейлер байқауы, эссе байқауы   бойынша женімпаздар марапатталды. Конференцияға Қаражал орталық балалар кітапханасының кітапханашысы  Ибраева  Мереке  Жаңабаевна    қатысты .  Қаражал орталық балалар кітапханасының  оқырманы     «Кітап .Жаңа формат» буктрейлер  байқауына   қатысып, Бикен Төреханың  онлайн дауыс беруде ең көп дауыс жинап     Александр  Дюманың   «Үш ноян»    кітабына жасалған» буктрейлердің облыстық байқауының «Көрермендер көзайымы» номинациясын игеріп және сыйлықтармен  марапатталды.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.