«Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан»
Қаражал қаласының орталық балалар кітапханасында  №7 мектеп «6» сынып оқушылар арасында Зейнегапаровна Рахаткүл  мұғалімнің жетекшілігімен  «Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан»  атты  іс-шара  өтті.    Тәуелсіздік күні еліміздің  барлық азаматтары үшін орны ерекше  мереке деп білеміз,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз  ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.Оқушылар Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым  Желтоқсан көтерілісіне қазақ жастарының, яғни тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысқан көріністі көрсеті. Мақсатты  1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы  қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның   Тәуелсіздік қарлығашы-Желтоқсан көтерілісінің  бағасы  мен маңызын  ашып көрсету  болатын. Мерекелік кештің  соныңда Төлеген Қуаныш  «Алматыдағы алаң»  Қайраттың соңғы сөзімен аяқтады.  Қайрат  Рысқұлбеков,  Ләззат Асанова, Сабира  Мұхаметжанова, Ербол  Сыпатаев  сынды  қандастарымызды  естен шығару мүмкін емес. Бүгінде , осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Желтоқсан –қалғып бара жатқан қазақтың    қайта оянған ұлттық рухы.  


                          « Елбасы біреу,елі  оған тіреу»  
   Қаражал  қалалық  балалар  кітапханасында 1-ші желтоқсан   Тұңғыш  Президент  күніне  арналған  «Елбасы  біреу,елі оған тіреу» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарамыздың  мақсаты: Жас ұрпаққа  Елбасының  сан  қырлы  талант иесі, құдіретті тұлға  екенін таныту;Елімізге еңсе тіктеп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының  абыройын асқақтатқан  Елбасының кісілік келбетін  меңгеру;  Елін  сүйген,елі сүйген  Елбасынан  үлгі  алуға   тәрбиелеу.Бұл   шараға  №7-ші  жалпы  білім  беретін орта  мектептің  ұстазы А. 4-  сынып  оқушылары  қатысты.  Ел басының   өмірбаянына  шолу жасап, тәуелсіздік  алғаннан бергі қызметтегі  өсу  жолдарына  тоқталып өтІлді. Сол  сияқты   слайд,видио –роликтар көрсетілді. Көрмеге кітапханашы  Жаңабаева Қ.Т. Елбасының  «Тәуелсіздік  дәуірі»атты кітабына  шолу жасады.

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.