Қаражал қаласының орталық балалар кітапханасында  маусым айында жазғы демалыс кезінде №1 жалпы  орта білім беретін мектеп оқушыларын жетекшілері  Балғабаева А Б,Альжанов Д.Р жәнеде келесі күнінде    ,№3 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын  №3 мектеп кітапханашысы  Вагнер Т.А  кітапханаға экскурсияға саяхат  жасап, лагер балаларын алып келді. Экскурсия кезінде «Ертегілер еліне саяхат»атты  викториналық сұрақтар,әр түрлі ойындармен слайдтар,жұмбақтар және балалар жазушыларының өлеңдерінен үзінділер оқылды , балалар кітапханасының көптеген қызықты кітаптарымен танысып, ертегілер әлеміндегі кітаптарды кезектесіп, дауыстап оқып тусінгендерін жетекшілеріне мазмұныңа тоқталып  айтып берді. Мұндағы  мақсаты; кітапхананы пайдалану, кітапты ұқыпты ұстау ережелерімен балаларды  таныстыру.  






Балауса  балалық шақ
1-маусым Халықаралық  балалар күні Қаражал қаласындағы  мәдени -сауық орталығымен  Орталық балалар кітапханасы бірлесіп  «Балауса балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты: балалардың жеке қасиеттерің дамыту, бір-бірін және үлкендерді сыйлауға, адамгершілік қасиеттерің жоғалтпай ұстауға жетелеу.
1-маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Соған орай қаламыздың Даңқ аллеясында мерекелік кеш өтті. Онда балалар шеруі,концерт, мульт -кино,   әр түрлі ойындар, флешмоб көрсетілді.Балалар кітапханасының меңгерушісі Жанабаева Қ.Т  балаларды оқу жылынын аяқталуымен құттықтап, №1 орта мектептің  3сыныптың озат оқушылары  Алпысбай Самал,Бақыт Ақбота,Ержанов Азимді және көптеген оқушыларға сыйлықтар таратты.
                            Баршамызды бал тілімен баурайтын,
                            Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
                            Ата-ананың арманы мен тілегін,
                            Бала емес пе, бұл бал бұлақтан жалғайтын – дей келе, бүгінгі мерекелік іс-шарамыз аяқталды.




Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.