« Бір  ел –бір кітап» акциясы»

 «Бір ел-бір кітап» атты акциясы бойынша биыл жыл  кітабы болып 2017жылы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары  таңдалды. Қаражал орталық  балалар кітапханасыда,    сәуір айында №

.7 жалпы білім беретін орта мектебінін оқушыларының қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін«Бір ел-бір кітап» атты акциясы өтті.  
Акцияның мақсаты; Қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің кітапты оқуға ынтасын көтеру, сонымен қатар  өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани дамуына әсер ету.
 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық кешінде  шығармалары мен  өлеңнің  дауыстап  нақышына келтіре  мәнерлеп оқып ойымыздан шыққан №.7 орта мектебінін 8-ші сынып оқушысы Апендин Аманжанға алғысымызды білдіреміз.  Сондықтан өлеңнің  ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән беріледі.



Кітап  апталығы
Қаражал орталық қалалық балалар кітапханасында 2017- жылдың  25- 30 наурыз аралығында оқушылардың көктемгі демалыс мезгілінде өткізілетін, жақсы дәстүрге айналып нағыз кітап пен оқу мерекесіне айналған  балалар «Кітап  апталығы» өтті. Апталықтың  мақсаты: балаларды кітапханаға тарту, қызықтыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік  қорын, ой өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Апталықтың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Шараның ашылу салтанаты әдемі, көркем атпен аталған  Бұл жерде  қатысушылар берілген мақал-мәтелдер, салт- дәстүр, балалар жазушылары туралы сұрақтарға тапқырлық, жылдамдылық, ұшқыр ойлары арқылы жауап беріп, білімді, білгір, ақылды екендіктерін көрсетеді.  Осы мерекеге белсене атсалысып, өнерін ортаға салуға №7, №1 мектеп оқушылары  келді.
Кітап  апталығы балаларға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлады.




Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.