Қаражал қаласының қалалық мұрағатының  басшысы  Талғат  Аяпбергенұлы  біздің С.Сейфуллин атындағы орталық  қалалық кітапханада  жерлесіміз Қаражал қаласының құрметті азаматы  Қырықбай Кентайұлына арнап  оқушылар арасында  мүшәйра өткізді. Бұл мүшәйра 5-8 сынып арасында болды. Оған № 1,№5, №7.мектептің оқушылары қатысты. №1мектептен Олжабай  Жансерік, Кәдірбекова Аяулым,Егінтаева Аяжан, Төлеубаев Еламан, Көлзақов Тоқтар,Аханова Гауһар, Жарылғапова Ақгул, Ахмедиева Ақнұр, Қадылова Мадина қатысты.№5 мектептен Мұхтарова Гүлсезім, Алдағанова Тоғжан №7 мектептен Асан Айнаш ,Отарбаева Айғаным, Шәкіров Дінмұхаммет қатысты. Бұл оқушылардың бәрі жергілікті жыршымыз Қырықбай Кентайұлының өлеңдерін мәнерлеп бірнеше өлендерің жатқа айтып бірінен  бірі кем түспеді. Олардың арасында ең ерекше  құлшыныспен дайындалып келген №5 мектептің оқушылары Мұхтарова Гүлсезім мен Алдағанова Тоғжан белсенділік танытты.бұл оқушылардың  жерлесімізге деген құрметіне жасалған  өлең жинақ портфолиялары да  бар екен.  Кеш соныңда Талғат Аяпбергенұлы жерлесіміз Қырықбай Кентайұлының аяқталмай қалған  жырларын жинақтап  кітап қылып шығаратының айтып,оқушыларға «Отырардын қырауы» атты жырын тебіреніп нақышына келтіре оқып берді.  Мүшәйрада ерекше қатысқан оқырмандарды грамоталармен марапаттады. 1-орынды №5мектеп оқушысы Мұхтарова Гүлсім, 2-орынды Алдағанова Тоғжан, 3-оынды №1 мектеп оқушысы Кәдірбекова Аяулым иеленді   №7 мектеп оқушысы Шәкіров Дінмұхаммет өзінін жеке шығармашылығымен  мақтау грамотасымен марапаталды. Мүшәйра осылай өз мәресіне жетіп  қатысқан төрешілер оқушыларға разы болып  ризашылықтарын білдірді.






0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.