Ата Заңынды ардақта




Құрандай көріп қолыма алған
Ата Заң-осы ,ағайын!
Жүз ұлтты тірлік жолына салған
Баптарын бағып, қағайын,
Татулық, Теңдік,Еркіндік-мұраты,
Егемен құқық-еншіміз.
Тарихы ортақ Тағдырды құрап
Ел болдық, келсін елшіңіз,
Кіндік қан тамған туған жер-осы.
Қазақтың жері-Отаным.
Болашақ бірге буған бел-осы.
Дуасы болсын батаның.
Қазақстанды танысын Әлем,
Бөлінбе-дағы жарлыма.
Жігерін жастан, жанысын өрен
Отаншыл сезім барында.
Болашақ  ұрпақ  бақытын ойлап
Нарыққа бетті бұрғанбыз.
Жасайды бәрін қоғамның қолы
Көреді бәрін көз бен іш:
Тарылып жатса адамның жол
Заңда да болар өзгеріс...
Құрандай көріп қолыңа алған
Ата Заңынды ардақта.
Тәуелсіздіктің жолында қалған
«Шет болмасын де-әруаққа»
                           Нұрлан  Маукенулы

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.