Қаражал орталық қалалық балалар кітапханасында 2017- жылдың 25- 30 наурыз аралығында оқушылардың көктемгі демалыс мезгілінде өткізілетін, жақсы дәстүрге айналып нағыз кітап пен оқу мерекесіне айналған балалар «Кітап апталығы» өтті. Апталықтың мақсаты: балаларды кітапханаға тарту, қызықтыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Апталықтың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Шараның ашылу салтанаты әдемі, көркем атпен аталған Бұл жерде қатысушылар берілген мақал-мәтелдер, салт- дәстүр, балалар жазушылары туралы сұрақтарға тапқырлық, жылдамдылық, ұшқыр ойлары арқылы жауап беріп, білімді, білгір, ақылды екендіктерін көрсетеді. Осы мерекеге белсене атсалысып, өнерін ортаға салуға №7, №1 мектеп оқушылары келді.
Кітап апталығы балаларға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлады.











0 коммент.:
Отправить комментарий