Балауса балалық шақ
1-маусым Халықаралық балалар күні Қаражал қаласындағы мәдени -сауық орталығымен Орталық балалар кітапханасы бірлесіп «Балауса балалық шақ» атты мерекелік іс-шара
ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты: балалардың
жеке қасиеттерің дамыту, бір-бірін және үлкендерді сыйлауға, адамгершілік
қасиеттерің жоғалтпай ұстауға жетелеу.
1-маусым 1950 жылдан бастап
Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Соған орай қаламыздың Даңқ
аллеясында мерекелік кеш өтті. Онда балалар шеруі,концерт, мульт -кино, әр
түрлі ойындар, флешмоб көрсетілді.Балалар кітапханасының меңгерушісі Жанабаева
Қ.Т балаларды оқу жылынын аяқталуымен
құттықтап, №1 орта мектептің 3сыныптың
озат оқушылары Алпысбай Самал,Бақыт
Ақбота,Ержанов Азимді және көптеген оқушыларға сыйлықтар таратты.
Баршамызды бал
тілімен баурайтын,
Бала деген бір
бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы
мен тілегін,
Бала емес пе, бұл бал бұлақтан
жалғайтын – дей келе, бүгінгі мерекелік іс-шарамыз аяқталды.











0 коммент.:
Отправить комментарий