Мерейің  үстем  болсын, Астана!
Біз бүгінгі  Астананың  ажарына  қарап  қуанамыз. Кеудемізді  мақтаныш  сезімі  билейді.  Осыдан 19жыл бұрын  Арқа төсінде  осындай  зәулім  қаланың  бой  көтеретініне  кім сенді дейсіз.  Арман  болатын ол.  Бірақ бүгін  сол  арман ақиқатқа  айналып  отыр. Қанатын құлаштай  сермеген  Астанаға бүгін  әлемдік  қауымдастықтың  өзі  қызыға, қызғана  қарайды. Небарі  19жылдың  ішіндегі  жетістіктер иә, Астана –Елбасының  ерлігі, Астана-Елбасының өрлігі.  Мұны  бүкіл  Қазақ  елі  біледі, түсінеді, түйсінеді. Жаңа  қаланы  тұрғызудың  қандай  қиын  болғанын  да сезеді  халық. Астанадай  алып  қала  тұрғызу  үшін  алып  жүрек  керек  болатын. Алып жүректі  ұлды қазақ  анасы  туған  екен . Ол –Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев. Қайратты  ұл  өз  халқын  қашанда  қияға  бастайды.  Астана  барда  Қазақ  елі бар. Астана-қазақтың  жүрегі.  Қазақстан  ұлан-байтақ. Оның  солтүстігінде  әлі қыс  қаһары  қайта  қоймаса, оңтүстігінде  дән сеуіп  жатады.      Ал  осы  алып  елдің  ниетін  Астананың  үстінде  ұстау ,ең алдымен, халықтың  Елбасына  деген  ыстық  ықыласына, Астанаға  деген  сүйіспеншілігіне байланысты. Астана  күні  құтты болсын!

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.