Қаражал қаласындағы орталық балалар кітапханасында  отбасы  мерекесіне орай қыркүйек айының 9-да  «Отбасым- бақытты мекенім» атты іс-шара өткіздік.Мақсатымыз ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың  ұстаған жолын, баланың отбасындағы    орны  жоғары бағалағандығын паш ету,  бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр,    мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана  отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға,  кішіге көмектесуге баулу.  Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Бұл іс-шараға  қаламыздағы  №1, №7  мектеп  оқушылары мен  мектеп  мұғалімдері    қатысты.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.