Ғасыр  ата
 7-шы  сәуірде   балалар  кітапханасында өткен  кітап апталығы бойынша  Мұзафар Әлімбаевтің 95-жылдығына орай «Ғасыр  ата» атты  ақпараттық сағат өткізілді.  Іс- шараға    6 - сынып оқушылары қатысты.   Қазақтың  көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы ,Қазақстанның халық  жазушысы М.Әлімбаевтің  өмірбаянымен  таныстырылды.  Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданыңда емес,әдебиет майданындада көрсеткенің  , Отанды қастерлеп үйренгенің оқырмандарға  айта отырып,  оқушыларға  шығарманы  жан-жақты талдап,оқушылардың  танымдық  білімдік,  ізденіс,  қабілеттері  арта түсуіне  ықпал жасадық..  Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында  дүние салды.Мұзафар аға қазақ әдебиетінде  өшпейтін  із қалдырған  ақын-жазушылардың  маңдайалдысы, балалар әдебиетінің  қара  нары  еді. Іс - шара соңында  қорытынды сөзді жасай келе балалар кітапханашысы  Ибраева Мереке Жанабаевна   артындағы  іздеушісі, қалың  оқырманы барда  Мұзағаңның  мол  рухани  мұрасын  уақыт озған сайын  ұлт  игілігіне  қызымет  атқаратын  кәделі  дүниеге айналдыратынына еш күмән  келтірмейміз  деп  аяақтап , балалардан  қандай әсер алғандарын сұрап , ынта қойып қатысқаны үшін жетекшілерімен оқушыларға алғысымызды  білдірдік.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.