31-мамыр  саяси  қуғын сүргін құрбандарын  еске алу күні.
 Бұл  күн  қазақ тарихында  қаралы  күн.  Осы күнге  орай  қаламыздың  төрінде  аштықпен , қуғын  сүргін  құрбандарына  арналған  монумент  бой  көтерді . Қала әкімі Досаев Тілектес  Темірбекұлы  салтанатты жиылысты  бүгін  азаттық  алуға  жеткізген  алаш  зиялыларың  ардақтайтың  күн деп  бастапқы сөзбен ашты. Қасырет әкелген  қуғын сүргін  құрбандары болған  жерлестеріміздің  туған туыстары  Қ.Р . еңбек  сіңірген  жаттықтырушы , дзюда  күресінен  спорт  шебері   «Ерең  еңбегі»   медальінің  иегері  Қаражал  қаласының  құрметті азаматы  Дүйсен  Тәжікейұлының  ағалары  жерлестеріміз  Тілеуғабыл мен Сыздық  Байтеміровтердің  ұрпақтары  болды.  Сұрапыл  жылдардың  жазықсыз  құрбандары  болған  Сыздық  Байтеміров  небәрі  34 жаста ,Тілеуғабыл  Байтеміров 39 жаста еді, және  жазықсыз  саяси  қуғын –сүргін  құрбаны  болған . Монументтің ашу рәсімі Д.Тәжікейұлымен Д.Әлиеваға  табыс етілді. Осы сұрапыл  зұлмат  жылдар  оқиғасын, оның  жазықсыз құрбаны  болған  адамдардың  есімдері мәңгі  ұмытылмайды.



0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.