"Берекелі Алтын күз"






  1. Əне-міне дегенше күз де келіп жетті. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Осыған орай балалар кітапханасында «Армысың, Алтын күз!» атты музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, табиғат сұлулығын жақынырақ таныстыру. Кешке «Улыбка» балабақшасының «Балапан» ортаңғы топтың бүлдіршіндер қатысты. Бұл ертеңгілікте балалар өз өнерлерін көрсетті: бірі əн орындаса, екінші біреулері жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарын айтты. Балаларға қызықты жұмбақтар жасырылып, танымды “Күз айлары” атты ойындар ойнатты. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.