Мәңгілік махаббат жырлары


Жайрем кенті №12 кітапхана-филиалының балалар бөлімі
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне байланысты
«Мәңгілік махаббат жырлары» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке 5-9 сынып оқушылар мен оқырмандардың барлық топтары қатысты.
Кештің мақсаты: ақын М.Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен тарату.Жас ұрпақтың жан- жақты ойлануын , ізденуін дамыту, Отанды сүюге , кітап оқуға шақыру ақыннның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке баулу.
Кеш бағдарламасы мынандай бөлімдерден тұрды:
«Поэзия- жүрек тілі» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу
«Өлеңмен өрілген өмір» атты ақын шығармашылығына арналған кітап көрме«Ақынға арнау» атты оқушы шығармашылығы
Викториналық сұрақтар (ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты)Оқырмандарымыз
Еркін Ақниет «Поэзия», Мамбетова Салтанат «Фариза», Ақшалова Нурай « Қарасаз» , Бетурова Анель «Үш бақытым», Жахина Аманкул «Қайырлы түн» өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.Осы кеште ақын өлеңдерін мәнерлеп .өз нақышына келтіріп орындаған оқырмандарымыз 6 сынып оқушылары Аманғазина Мадина «Туған жер» , Сембі Ұлдана «Дос болам десең », Сейфуллина Наргиза «Фантазия» ,Жақыпбекова Ақерке «Туады , туады әлі нағыз ақын» бөлімінде беріле оқыды.«Ақынға арнау» бөлімінде оқушы шығармашылығы бойынша Дауленбаева Сания «Мұқағалиға арнау», Махатббатқызы Ақбота «Мұқағали атамызға» атты жүрек жарды жырларын көпшілікке тарту етті.Көпшілік шара аясында оқырмандарға ақынға арналып ұйымдастырылған кітап көрмесі мен слайдпен таныстырылды. Кеш соңында оқырмандарымыз Рахманқұл Уміт «Сәби болғым келеді»және Халел Лаура ақын сөзіне жазылған «Сарыжайлау » әндерін шырқады. 8 наурыз Аналар мерекесіне арналып «Жалын» клубының мүшелерімен бірлесіп «Аналар- асыл жандар» атты дәстүрлі мүшәйра өткізілді. Мүшәйраға 4-8 сынып оқушылары қатысып , балғын жыр шумақтарын аналары мен әжелеріне арнады.№12 кітапхана-филиалы ұжымы Биылғы жыл – айтулы мерекелер жылы аясында «Әдебиеттер күнтізбесі» айдарымен Қоғам және мемлекет қайраткері , ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі ,Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы , публицист ,ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмухамедұлы Бөкейханов (1866-1937 )-туғанына 150 жыл толуына байланысты «Алаштың ардақтысы » атты кітап көрмесі ұйымдастырдық.Ашық Есік» күні аясында кітап қорына жаңадан түскен кітаптарды кеңінен оқырмандарға таныстыру мақсатында «Сүйінші , жаңа кітаптар» атты кітаптар көрсетілімін өткіздік.23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне байланысты«Кітапхана – рухани байлықтың қайнар көзі» атты Ашық Есік күні және «Біз кітапханаға барамыз» атты көпшілік шара өткізілді.Көпшілік шараға мектеп кітапханашылары , мұғалімдер 8-10 сынып оқушылары қатысты. Ойынға 3 команда : №10 ОМ «Біз кітапты сүйеміз» атты тобы , №11 ОМ «Кітап- білім бұлағы», №30 ОМ «Қырандар » топтары қатысты. Ереже бойынша сәлемдесу кезеңінде №11 ОМ «Кітап- білім бұлағы» тобы «Күлше қыз» қойылымын көрсетсе , №10 ОМ «Біз кітапты сүйеміз» атты тобы «Жұмбақ айтысын»көрсетті, ал», №30 ОМ «Қырандар » тобы кітапханаға арнаған ән шырқады.Көпшілік шараның жақсы өтуіне атсалысқан топтарды грамоталармен марапаттап , естелік сыйлықтар берілді.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.