Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы манызды функцияны атқаратынын мойындай
отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттерді бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР
Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір
ел-бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады. Акцияның мақсаты:
оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау.
Биылғы яғни 2016 жылы «Бір ел –
бір кітап» акциясы Дулат
Бабатайұлының «Өсиетнамасына» арналып отыр.Осы жоғары да аталған «Бір
ел-бір кітап» акциясына орай Қаражал балалар кітапханасында «Азаттық жаршысы»атты іс-шара болып
өтті.Оқырмандар Дулат ақынның
өмірбаянымен өлең-жырларына тоқталды. Өлеңдерін дауыстап оқып ,танысты.Бұл
шараға №7 орта мектептің 5сынып оқушылары қатысты
Подписаться на:
Комментарии к сообщению (Atom)








0 коммент.:
Отправить комментарий