Жихадтың шын мағынасы және оның діни экстремизм мен халықаралық терроризм мазмұнындағы трансформациясы




«Қаражал  қаласының  ішкі саясат, мәдениет және  тілдерді  дамыту   акімшілігінде  24 қарашада  Қарағанды облысынан  «Нұрлы Білім» деструктивтік діни ағымдардан  зардап  шекендерге көмек орталығы»қоғамдық  бірлестігі  дін танушы Сыздықов  Рустем .М.келіп « Діней  экстремизм  мен  халықаралық тероризм»   мазмұнындағы  көп  деген   біз білмейтін жәйіттармен  таныстырды.. Ата-аналарға кеңес  беріп  балаларымызды  деструктивті  ағымнан (адасқан  ағымнан) қалай сақтауға болады? жәнеде  Жеткіншектер  мен  жастарға  арналған  діни  қауіпсіздіктің  негізгі ережелерін  түсіндіре отырып , жеткіншек  өзінің  үйреншікті  тұрмыс  салтын өзгертсе; ақша жұмсауы көбейсе, туыстарынан, достарынан  қарыз алса,немесе керсінше ,балада қайдан келгені белгісіз ақша пайда болса,ерекше назар аударуды ескертті  Сақ болыңыздар!  Деструктивті  бағыттағы  діни  ағымдар  өз  қатарына  көптеген  жаңа  адамдарды  қосып  алу  үшін  өздерінің  тәжірибесінде  бірқатар  айла-тәсілдерді  қолданады. Жеткіншек  теріс  дінің  ықпалында  қайта  оралуы  соншалықты қиын. Деструктивті , дәстүрлі  емес  діндердің  ықпалына  мейлінше  ұшырағыш  және  еліктегіш  жастар(14-тен 29жасқа  дейінгілер)болып  табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  басқаруымен  дін  саласында  мемлекеттік  саясатты  заңды  түрде  бекіткен, конфессияаралық  келісімнің  ерекше  моделі  жасалды. «Қазақстан-зайырлы мемлекет. Сондықтан  біздің  дін  саласындағы  саясатымыз  конфессияаралық  татулық  пен  төзімділікті  нығайтуға  бағытталған.  Бізде  діни  сенім  бостандығына  Конституция  кепілдік  береді» Н.Ә.Назарбаев
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген қадірлемеген   адам  толық  мәнді  интеллигент  емес деуге  болады. Себебі ол  қандай  мамандық  білімі  болса  да  рухани  ой тәрбиесінде  сыңаржақ  азамат  болады»
Мұхтар  Әуезов.
Жихадтың шын  мағынасы және оның  діни  экстремизм  мен  халықаралық  терроризм  мазмұнындағы  трансформациясы туралы  семинар   өтті, осыған  орай   Қаражал  қаласының орталық кітапханасының  кітапханашылары   көп мәселелерді түсініп үйрендік.,  Алдағы уақытта  жас оқырмандарымызға .,  насихаттап,  іс шара  өткізуге мақсат  қойдық

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.