1 желтоқсан Қазақтың Тұңғыш Президенті күні.




1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні .
Осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен  құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ал еліме тыныштық  тілеймін. Әлемдегі барлық жанұялар бақытқа бөленіп, балалары ешқашан ауырмасын дегім келеді.   Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 25 жыл толады.Біздің  еліміздің   табиғаты өте көркем,шалқар крге және асқар тауларға баймыз. Қазақстанның  жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Елімнің астанасы – Астана қаласы Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы.  Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет,халқымыз бейбітшілік пен тату-тәтті,дос тұрады.Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің  дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің дамуы , гүлденуі үшін көп күш жұмсады. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Көптеген шетел елдермен қарым-қатынасты, дипломатиялық құқықтарды орнатты,еліміздегі көптеген мәселелерді шеше  білген кемеңгер. Еліне қызмет етіп, көптеген заңдарды шығарып, байтақ жеріміздегі әділетсіздіктерге   тосқауыл қойды Талай жыл азаттықты аңсаған , егемендікке жол бастап, ізеттілікке иілген халқымның  керемет  көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.Елімнің, мемлекеттің басқа елдермен терезесі тең болуына ықпал етіп, көмегін тигізер жаңа жобаларға жол ашқан еді.Солардың бірі ғана емес, бірегейі болып саналатын «Қазақстан- 2030» бағдарламасын мерзімінен ерте орныдауға өз үлесін қосқан кемеңгер тұлғамыз.Қазақстанның жастарының  келешегі кемел болсын деп білім беру саласын дамытып, жағдайлар жасауда.Еліміздегі дарынды оқушыларға арнап Назарбаев Зияткерлік мектептерін ашты.Өркендеген өлкенің өміріне әр берген, нәр берген Нұр аға Қазақстанды әлемнің ең мықты ,ықпалды елу елінің қатарына қоса білді.Өндірісін дамытып,мемлекеттің  бюджетінде миллиардтаған қаржыға толтыруға елімізге мүмкіндік берген көшбасшымыздың кемел саясаты қазақ еліне, игілігін тигізіп, Гүлстандай керемет өлкеге айналуына ықпал етуде.Елімнің еңсесі биік , тұғырлы, айбынды болуына Елбасының көрші елдердегі түрлі бағдарламаларды қазақ жерінде жүзеге асырылуына үлесін қосуда. Біртуар  басшы  қазақтың бағына туған ба дерсің?  Қорыта айтқанда, Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.Менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра біле алуы  керек.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі,мақтанышы мен абыройы.
өлдер мен өзенде

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.