Ризамыз  оқырмандарымызға!
Орталық  балалар  кітапханасында 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Ризамыз  оқырмандарымызға» атты  іс-шара өткізілді.
Мақсаты:  Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен,кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,әдептілікке,кішіпейлдікке, ізетілікке тәрбиелеу.
 Алғыс айту осымен екінші жылы  тойланып отыр.Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.Бұл іс-шараға №1 жалпы білім беретін  мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.Шара барысында балаларға тақпақтар ,жұмбақтар айтылып,  Кітапханашы Ибраева Мереке  Жаңабаевна алғыс күніне арналған слайды көрсетілді. -Алғыс, ризашылық дегенміз не? –туралы балаларға түсіндіріп өтті.Сонымен қаттар оқырмандарымызға кітапханаға келгеніне алғысымызды  айттық.Шараның соңында кітапханашы Жаңабаева Қ.Т. қортындылап өтті.


0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.