Құрметті оқырмандар, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі
болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты
мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, руханилықтарды сақтап
қалудамыз. Наурыз – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың
ұлы күні күн мен түн теңеледі. Орталық
қалалық балалар кітапханасында 2017 жылдың 18 наурыз күні 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнiне
арналған «Ұлыстың ұлы күні!»
атты кітап көрмесі болды.
Шараның
мақсаты: оқушыларды шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру халықтық
мейрамның барысы, маңызы туралы мағлұмат беретін кітапхана қорындағы бар
кітаптарды өз қажетттіліктеріне
жарату. Кітап көрмеде Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақтың киіз үйі туралы, ұлттық тағамдар және
де басқа ұлттардың салт-дәстүрін дәріптейтін «Әз -Наурыз!», «Қазақ
халқының салт-дәстүрлері», «Құт
береке мейрамы Наурыз жасасын!», «Қазақтың киіз үйі», , «Қазақтың ұлттық тағамдары», туралы кітап,журналдар
қойылды. Бұл кітап, журналдарда қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары,
ойын-сауықтары, халықтық дәстүр тәрбиесі туралы арнайы айтылады . Көрме
айдың соңына дейін созылады.Бұл көрмені
келген оқырмандар тамашалайды.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!








0 коммент.:
Отправить комментарий