Биылғы 2018 жылғы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Жолдауын  кітапхана ұжымының қызметкерлері  бір кісідей оқып  талқылады. Мемлекет басшысы Елбасымыздың жолдаған   Жолдауының  маңызы ерекше. Бұл жолдауда алдымызда тұрған  он міндетке  жіктеу жасадық. Бірінші . Индустрияландыру  жаңа  технологияларды  енгізудің  көшбасшысына  айналуы тиіс. Екінші . Ресурстық әлеуетті одан  әрі дамыту.Үшінші. «Ақылды  технологиялар» агроөнеркәсіп көшенін  қарқыңды дамыту мүмкіндігі.Төртінші. Көлік –логика инфрақұрылымының  тиімділігін  арттыру. Бесінші.Құрлысқа және коммуналдық секторға  заманауи технологияларды  енгізу. Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту» Жетінші .Адами капитал-жаңғыру негізі. Сегізінші .Тиімді мемлекеттік  басқару. Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және  заңның  үстемдігі. Оныншы» Ақылды қалалар» «ақылды  ұлт» үшін. Міне ,алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар-түсінікті әрі айқын. 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға  арналған  индустрияландырудың  үшінші  бесжылдығын  әзірлеуге  кірісу керек. «Цифрлық дәуірге»  қадам басу,білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс, көлік –логистика  құрылымы, ауыл  шаруашылығы  сияқты  салаларды  одан  әрі дамыту-ел  игілігіне  бағытталған  шаралар.2018жыл-елордамыз Астананың  20жылдығын  атап өтетін мерей-тойлы жыл. Біз саяси тұрақтылық пен  қоғамдық келісімнің  арқасында  экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.  Біз жаңа заманға сай болу үшін  .Осындай мәселелерді  қамтыған Жолдау –«Қазақстан-2050Стратегиясын», «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асырудың заңды жалғасы іспетті.  Елордамыз-Астананың 20жылдық мерейтойымен тұспа –тұс келген Жолдаудың Мәңгілік Еліміз үшін маңызы зор. Біз жаңа заманға сай болу үшін  Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы  тарихи  өрлеу  бастауында  тұрған  біртұтас  ұлт болуымыз  керек. «Рухани  жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында!

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.