Елбасы жолдауында «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» екендігі аталды. Осы ретте облыста ересек тұрғындар үшін тілдерді меңгеруге жағдай жасалып отыр.
Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Елбасы мұны биылғы жоллдауының  7-ші бағытында тағы да қазақстандықтардың есіне салды. Үш тұғырлы тіл идеясына сәйкес: қазақ тілі - «бүкіл қоғамды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі- ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі- әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігізуімізге жол ашады.
«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

«Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады», деді Мемлекет басшысы.  Нұрсұлтан Назарбаев кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болатынын еске салды. «Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек», деді Елбасы.


0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.