Жеңіс туы желбіреп!
Ұлы Отан соғысының  73 жыл  толуына   байланысты  Қаражал орталық  балалар кітапханасында  қазақтың  батыр  қыздарының  құрметіне  «Жеңіс туы желбіреп» атты  іс- шара өткізілді.
Мақсаты: қазақ  халқының  ер жүрек, батыр  қыздарының  жан  тебірентерлік  патриоттық  сезімдерін  Отанға  деген сүйіспеншіліктерін  тілге тиек  етіп, оқырмандармен  әнгімелесіп , оқушылардың  Отанға  деген сүйіспеншіліктерін  арттыру.
Бұл іс-шараға   Ақтай кеңтіндегі  №6  мектебінің оқушылары қатысты.   Қазағымыздың  қаһарман  қыздарының ерлігі үшін  қызыға  тыңдаған  оқушылардың  бойынан  Отанға деген патриоттық  сезімдері артып , әңгімеге  араласып өз пікірлерін  ортаға  салды.
Мысалы ,қазақ  халқының  тамаша ,ер жүрек, батыр қыздарының  бірі  Мәншүк  Мәметова өз еркімен майданға  аттану туралы өтінішінде былай деген:  «Мое  место там, где идут бой с врагом , я хочу собственными  руками  зашищать  свободу  своего  народа».  М.Мәметоваға  «Кеңес  Одағының  Батыры» атағы  1наурыз  1944жылы  қаза  болған  соң  берілді. Келесі  қазағымыздың  қаһарман  қыздарының  бірі-ол, әрине, Әлия Молдағұлова  20 жасқа  толмаған  қыршын  қыз, жау оғынан  қаза  табады.  Кейін  ерлігі  үшін «Халық  қаһарманы» атағын  алады. Бүгінде  қаһарман  қыздың  құрметіне  әр  қалаларда  көшелерге  оның  есімі  беріліп, мектептер ашылды.  Сонымен қатар  соғысқа өз еркімен  аттанған тағы  қаракөз  қазақтың батыр қызы-Рахила  Ералина. Ол Қарағанды  қаласының  Жаңаарқа  атты елді мекенінен  жерлесіміз.Біздің  Қазақстандық  қыздар  қан майданда  басқа  ұлт  өкілдерімен  бірге  табандылық  пен  ерлік  көрсете білді. Іс-шара соныңда Жеңіс жолына  жан тапсырған  қазақ  қыздарының  ерлігі ешқашан ұмытылмайтының айтып , оқырмандарға  зейін қойып  тыңдағаныңа  разылығымызды  айтық.


0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.