Қазақ даласының дара ақыны – Абай!
Қаражал орталық балалар кітапханасы Абай оқулары аясында 15-17ші мамыр күндері Абай атыңдағы көшеде орналасқан Абай ескерткішінің алдында қаламыздың №1,6 жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен «Қазақ даласының дара ақыны - Абай» атты мәнерлеп оқулары өткізілді.Аталмыш іс-шарада  оқушылар  Абай  Құнанбаевтың  өлеңдерін жатқа да мәнерлете оқыды. Сонымен қатар, оқушылардан басқа да мекеме қызметкерлері де белсене ат салысты. Көпшіліктің назарына ерекше түскен қатысушылар: Абильдин Аян, Сажинова Дариға , Боранбай  Дария, Сембекова Жангүл , Өсербай Гүлназ, Темірболат  Маралтай, Кеңес Зәуре Мейрамхан  Ерсайын, Карипова Диана, Байжұман  Диас. Іс-шараның соңы Ақтай кеңтіндегі №6 мектеп оқушысы  Абильдин  Аян  А. Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты өлеңімен аяқтады. Кітапхана басшысы Көшкінбаева К.К қатысушылармен көрермендерге алғысын айтып, мектеп ұстазы Жамауова Жұлдызға  ерекше ризашылығың білдірді. Абай оқуларың жылдан жылға үрдіске айналдырып өткізуге ниет етті.



0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.