Алаш жаңашыры  Ахмет Байтұрсынов.

2018 жылы 28-ші маусым  күні  Қаражал қаласыңдағы  қалалық орталық балалар  кітапхасында А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай, «Алаш жаңашыры Ахмет Байтұрсынов» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара №1 жалпы білім беретін мектеп лагерінде демалып жүрген оқушылармен және жетекші тәрбиешілермен Түсіпова  Салтанат,  Рахымжанова Әсем, Тәжікеева Эльмиралардың  қатысуымен  өткізілді.  

Іс-шара мақсаты: Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін ояту.

Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор сияқты жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Бала ерте жастан кітаппен достасса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Сол себепті, жазғы демалыста жүрген оқушылармен осы айтулы іс-шараны өткізуге жөн көрдік. Алғы сөзді балалар кітапханасының меңгерушісі Жанабаева Қ.Т. сөз сөйлеп, келген оқушыларды кітапханамен таныстырды. Кезекті сөзді кітапханашы Ибраева М.Ж. Ахмет Байтұрсынов жайлы баяндама оқыды. Оқушылар ынтамен тыңдап, әрбір кітапқа зейін салып, шығармашылықтарын сүйсіне оқыды. Аталмыш шараның соныңда дарынды да көрікті оқушымыз Жұлдызай күйсандықта ойнап, үлкен ықыласқа бөленді.

Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен,  ұлтың шын сүйетін  ұлтшыл тұлға.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.