Ашық аспан астындағы оқу залы
Жазғы демалыс басталысымен балалар ойынға ерік беріп, оқуға бет бұруды қояды. Ал бұл сәтте кітапқа қызығушылығы төмен балалар саны арта түсетіні бар. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы балалар орталық кітапхана ұжымы «Ашық аспан астындағы оқу залы» саябақта ұйымдастырды. Ал аспан астындағы кітапхана қыркүйек айына дейін жұмыс істейді. Жақсы істі жұртшылық әдеттегідей жылы қабылдады. Жаздың жаймашуақ күнінде көпшілік ашық аспан астындағы кітапхана залында ұсынылған  кітаптармен, газет-журналдармен танысты. Түрлі-түсті балалар кітабы да балдырғандарға айырықша ұнап, жанынан шықпады. 


0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.