Ата заңға-23жыл
                  30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай  Орталық балалар  кітапханасында "Ата заңға-23 жыл" атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Ата заңды құрметтеу, оқырмандарды Отаншылдыққа,ұлтжандылыққа шақыру.Қазақстан  Республикасының Конституциясы   1995жылы  30 тамызда бүкілхалықтық референдумда бірауыздан қабылданды. Бұл күн ерекше мереке. Қазақ елінің мемлекеттік мерекесі болып табылады. Кез келген  мемілекеттің қалыптасып дамуыда  Конституциясы-Ата заңының алатын орны ерекше.Әрбір  елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды,дүниеге келген күннен бастап адам баласы мемлекеттің қамқорлығында болады.Конституция талаптарына бойынша мемлекетің басты   құндылығы-адам,адам өмірі және азаматтардың құықтары мен бостандығы болып табылады. Кітап  көрмеде:Ата Заң туралы кітаптар ,газет ,журнал және атақты адамдардың нақыл сөздері қойылды.   Қазақстан жаңа конституция  қабылдау арқылы   жаңа дәуірге қадам басты. Конституция қабылдау  кезінде жүргізілген  референдум егеменді еліміздің дербестігі мен     саяси  тұрақтылығын сипттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызды зор құжатқа айналды.Бүгінде   демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде талаптардың бәрі Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылады.                                                                                                                                                                                                         

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.