«Туған  тілім- ана тілім»

ҚР-ның  үкіметінің  2017 жылғы  31 қазандағы  №689  «Қазақстан Республикасында   мереке  күндер  тізбесін  бекіту  туралы»  қаулысына  сәйкес,  5қыркүйек, яғни  Ахмет  Байтұрсынұлының  туған-күні  Қазақстан  халқы  тілдері  күні  болып бекітілуіне  байланысты  жылда  22 қыркүйекте  тойланатын   мерекемізді   2018 жылы  5-ші  қыркүйекте   Қаражал  қаласындағы  орталық  балалар  кітапханасында  №1 жалпы  білім  беретін  мектептің  5 «ә» сынып  оқушыларымен «Туған тілім – ана тілім» атты ақпараттық сағат  өткізілді.  

Сынып  жетекшісі  Тәжікеева  Эльмира Қозыбаевнаның   қатысуымен   24-оқушы  қатысып, іс-шарамызға  белсенді ат салысты. Кітапхана  меңгерушісі  Жаңабаева  Қ.Т алғы сөзді  бастап  туған  тілдің  абыройын  асқақтату - әрбір  адамзаттың  абзал  борышы , Тіл-таусылмайтын байлық,  Қазақ  тілі –өте  бай тіл. Ол шаруашылықтың  бар  саласын өркендетуге себепші  күш  болатының  айтып  баяндады. Кезекті сөзді  кітапханашы  Ибраева М.Ж оқушыларға тіл туралы  жұмбақтармен, мақал-мәтелдер айтып сайыс өткізді.  «Тіл байлығы –ел  байлығы» атты кітап көрмесімен  таныстырып  шолу  жасады.
Қорыта айтқанда  Қазақ  тілінің  мәртебесі  бұданда  да жоғары көтеретін  болашағымыз   кейінгі жастар сендерсіндер  деген  сеніммен  оқырмандарымызға   тілек  айтып жетекшілік  етіп әкелген  Тәжікеева Э.Қ   алғысымызды  білдірдік.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.