"Отбасы-бір түбірден тараған"




"Отбасы-бір түбірден тараған"
            Қаражал орталық балалар кітапханасында  отбасы күніне орай "Отбасы-бір түбірден тараған" атты  сайыс өткізілді. Бұл іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты . Қатысушылар лашын,қыран,сұңқар тобы болып үш  топқа бөлінді.
«Отбасы-бір түбірден тараған» атты сайысымыздың мақсаты: баланың ата-ана өміріңдегі маңызың,  ата-аналардың балаларға деген тәрбиесің көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері туралы білімдерін байқау. Сайыс төрт бөлімнен өткізілді. 1).Таныстыру  2).­­Өнер сайысы. 3)Мақал-мәтел сайысы және мақалдың мәнің ашу. 4).Жағдаяттар.  Бұл сайыста бәрі белсене қатыса отырып,  Сұңқар тобы көбірек ұпай жинап,  үздік болып алға шықты.  Сол топтың басшысы    Жылқыбаева Зейпінге өзіміз дайындаған кішігірім сыйлығымызбен марапаттап, қатысқан оқушыларымызға алғысымызды білдіріп әліде талай сайысқа қатысып жеңімпаз болуларына мүмкіндіктері зор екенің білдіре отырып, тәтті балмұздақтар таратылды..  




0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.