«Балалардың кітап оқуы- елдің  зияткерлік  әлеуеті :проблемалары мен шешу жолдары»
Биыл 2018ж. 4-5 қазан аралығында «Саржайлау» кинотеатрының залында Абай атындағы Қарағанды облыстық  балалар кітапханасының 65жылдығына  арналған республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтті.    Конференцияда Қарағанды  облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы, балалар жазушысы ,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толымбек Әбдірайым,  балалар жазушысы, «Дарабоз-2015»әдеби сыйлығының 1 дәрежелі дипломанты      Джумагельдинова Дарья Төкенқызы,  балалар жазушысы Ернұр Сейдахмет қатысты.Сағат 14.30-16.00 аралығында  балалар  жазушыларымен кездесу   өтіп, кітап оқу провлемалары бойынша дөнгелек үстел өте қызықты әр түрлі мәселелер мен пікірлерге жазушы ақындар, өз ойларымен бөлісті.  5қазан күні 2-секциясы басталды  Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының  қызмет көрсету бөлімінің  менгерушісі Идрисова Камила Самсенқызы «Кітапқа деген сүйіспеншілік үшін! Жас ұрпақ оқырмандарын кітап оқуға тартудың стратегиялары» туралы «Балалар әдебиетінің мәселелері» туралы түсініктеме айтты.  Конференция жұмысының қорытындысында   буктрейлер байқауы, эссе байқауы   бойынша женімпаздар марапатталды. Конференцияға Қаражал орталық балалар кітапханасының кітапханашысы  Ибраева  Мереке  Жаңабаевна    қатысты .  Қаражал орталық балалар кітапханасының  оқырманы     «Кітап .Жаңа формат» буктрейлер  байқауына   қатысып, Бикен Төреханың  онлайн дауыс беруде ең көп дауыс жинап     Александр  Дюманың   «Үш ноян»    кітабына жасалған» буктрейлердің облыстық байқауының «Көрермендер көзайымы» номинациясын игеріп және сыйлықтармен  марапатталды.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.