« Кітаппен дос болу сәби шақтан басталу керек»
Қаражал  орталық  балалар  кітапханасы  кітаппен,кітапханамен  қарым-қатынас  жасаудың  қолайлы  мезетін  жібермеу үшін  қаламыздағы  балабақшалармен  мектептердегі  мектеп  жасына дейінгі бүлдіршіндермен тығыз  байланыста  жұмыс  жасаймыз. Біз бүгін №1орта мектеп ішінде  орналасқан  мектеп жасына дейінгі   бүлдіршіндерге  арналған «Ботақан»тобына     « Кітаппен дос болу сәби шақтан басталу керек» атты іс-шарамызбен  келіп кітапханамыздағы  әсерлі де көркем  бояуы ашық суреттерімен  қызықтыратын  балаларға  арналған  кітаптарды  апарып  таныстырып, оқып,сол  суреттері  бойынша  сүрақтар,жұмбақтар дайындап  ойындар  ойнаттық . Біздін   келу мақсатымыз:  бүлдіршіндердің  білімге деген  қызығушылық қасиеттерін  артыру.  Кітап оқуға тарту     түрлі-түсті әдемі кітаптарымызды апарып ертегілер  оқып, апарған  кітаптарға  шолу жасаймыз. Ол  жерде мектеп  жасына  дейінгі балалар  үшін әртүрлі тақырыпта  кітап  көрмелер  әзірлеп,балаларға өз бетімен  өздерін  қызықтырған   кітаптарды  қарап, беттерін  аударуға  рұқсат  етеміз. Біз бүгін  бүлдіршіндерге  барып  « Бауырсақ» халық  ертегілерін  дауыстап  оқыдық.оқыған  кезде  балалардың  назарын ертегідегі болып  жатқан  оқиғалар баурап  алғаның  көрдік., Балалар мұхият  ықыласпен  тындады, оларды  кітапхана  жұмысының  ерешеліктерімен  таныстырып, ен бастысы  кітапты мазмұны бойынша –ертегілер,жұмбақтар, әнгімелер және тағыда басқаларын өлен және  қара  сөзбен айтып  өттік. Ал біздің іс-шара бүлдіршіндердің  естерінде  қалып, бүлдіршіндерге  жақсы көңіл-күй  силадық . Қоштасарда  ата-аналарымен  кітапханаға  келіп, оқу  үшін  өздеріне  ұнаған   кітапты  үйлеріне  алуға болатындары  жөнінде  ұсыныс  айтылды.


0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.