25-жыл тәуелсіз елге!




Қазақстан  тарихының  дерек  көзі  ретінде  пайдалана  білмей ең  жаңа тарихымызды  ашып  көрсету  мүмкін  емес.  Ең  жаңа  тарихымыздың  өзекті  мәселелерінің  бірі-тәуеелсіз  Қазақстанның  өз  мемлекеттігін  құру  мәселесі.  Тарихымыздың  басқа  да  түйінді  мәселелері  сияқты, мемлекеттігімізді  қайта  құру  мәселесі  де  тұңғыш  Президентіміздің  еңбектерінде  жан- жақты  айтылған,  яғни  деректану  ғылымының  тілімен  айтсақ,  Н.Ә. Назарбаев  еңбектерінде  мемлекеттігімізді  қалпына  келтіру  тарихы,  алғашқы  нақты  іс-шаралардан  бастап  жанжақты  бейнеленген. Сондықтан Н.Назарбаев  еңбектеріне  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетін  қалыптастыру,  нығайту  және  дамыту  тарихының  дерек  көзі  ретінде  талдау  жасау, тек  деректану  ғылымының  ғана  емес, жалпы   Қазақстан  тарихнамасының  да  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылатындығы  күмәнсіз. Егер  деректің  әлеуметтік  табиғаты, сол  деректі   жасаушы  субьектінің  қоғамдағы  орнымен  анықталатындығын  ескерсек, онда  Н.Ә.Назарбаев еңбектері тұңғыш  Президентіміздің  өзі  туралы  құнды  мағлұмат  бере  алатын  маңызды  дерек  көздері  міндетін де  атқарады. Демек Н.Ә.Назарбаевтың  тәуелсіздік  қарсаңында  және  тәуелсіздік  жылдарында  жазған  еңбектері  тек  тәуелсіздік тарихының  ғана  емес, сонымен  қатар  оның  Елбасы  ретіндегі  өз  тарихының  дәлірек  айтсақ, өмірі  мен  қызметінің, саналы  іс-әрекеттерінің, мақсаты мен  мүддесінің , саяси  көзқарасы  мен  қоғамдық  және  азаматтық  позициясының  қалыптасу  және  даму  динамикасы  тарихының  да дерек  көздері  болып  табылады. Сондықтан Н.Ә.Назарбаев  еңбектеріне  деректеріне  деректанулық  талдау  жасау, оның  тәуелсіз  елдің  тұңғыш  Президенті  ретіндегі  де, әлемдік  деңгейдегі  тарихи  тұлға  ретіндегі  де бейнесін  айқындап, тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетін  қайта  құру  және  нығайту  ісіндегі  рөлі мен  орнын аша  түсуге  көмектесері  анық. Жиырма  бес дегеніміз тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  онша көп уақыт емес. «Бір мемлекеттер қысқа  мерзімде  қарыштап  дамып жатқанда, екіншілерінің  тоқыраудан  шыға  алмай  қалуы  неліктен?»  «Өзміндетіне  лайықты  болу үшін  саяси  көсем  қандай  сапарларға  ие болуға  тиіс?» «Сәтті саяси  көсемдерге  көмектесіп, керісінше, кейбіреулерге  кедергі  келтіретін құбылыстар не?».Бұл  жиырма бес шақты  жылдың  ішінде тыңнан  күшті  мемлекет  қалыптастырып, сол  арқылы  өз халқын  даңққа бөлеген, әлемдегі  миллиондаған  адамдардың  құрметіне  ие болған ұлы тұлға һәм саясаткер Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев туралы баяндалады. Біз оның  үлгісі  арқылы  саясаткер  халық  мүддесін  көздесе, өз  халқын  өзінен  де жақсы  көрсе, табиғатынан  кемел  дарынға  ие болса  және сол дарынын  өз   халқына қызымет  етуге  жұмсаса,  көп  нәрсе  тындыра  алатынын  көрсетпекпіз. Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  қазір-заманымыздың  ең  танымал  да  көрнекті  саясаткерлерінің  бірі.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.