ТӘУЕЛСІЗДІК СҰҢҚАРЫ СӘКЕННІҢ "АСАУМЕН АЛЫСЫП ЖҮРІП" ҚАЛДЫРҒАН МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ҚАЖЕТТІЛІГІ


ХХ ғасыр басындағы  Шәкәрім  Құдайбердіұлы , Ахмет  Байтұрсынұлы, Жүсіпбек  Аймауытұлы,  Міржақып  Дулатұлы , Мағжан  Жұмабай, Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс  Жансүгіров, Бейімбет  Майлин  сияқты  қазақтың  зиялы  қауымы  ұлттық  мүдені  қазақ  тілінің  мәртебесін  асқақтату  арқылы  көтере  білді.  Олар  мемлекеттік  қызыметте  бұл  мәселені  ресми  қолдаумен  ғана  шектелмей, жеке  шығармашылықтарында  іске  асырды.  Көркем  шығармалар  ғана  емес, қазақ  тілінде  қажетті  оқулықтар  жазудың  басында  болды.
Сәкен-Қазақстан  үкіметінің  басшысы  болып  жүрген  кезінен  бастап  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  етіп жариялауды  күн тәртібіне  батыл қойған  азамат.
Ақын, мемлекет  қайраткері, әдебиеттанушы ғалым  Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы 1894 жылы 23-мамырда Ақмола облысы, Нілді болысында  туған. Бұл жер қазіргі  Қарағанды  обылысы, Жаңаарқа ауданы. Ортау  кеңшарына қарайтын  Қарашілік  мекені. Сәкен қазақ елінің  тәуелсіздігін, оның  басқа  елдермен тең  дәрежеде  болуын о бастан  намыспен  түсініп, бүкіл  ғұмырын  осы  мақсатқа  бағындырғанын  біз   бүгін  мақтаныш  ете  аламыз.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.