Тәуелсіздік-тәуекелі тұратындардың еншісі


Тәуелсіздік-тарихтың  мәңгі  бөліп берген  еншісі  емес, халықтардың  мамыражай  өмір сүруіне  берілген  кепілдік  те емес;аңғал  болмағанымыз  абзал.
                      ****
Тәуелсіздікті  нығайту  үшін күрес -елге  тиген  үлес.
              ***
Қазақстан  Тәуелсіздігінің  формуласы-бұл тең  мәнді  екі  ұғымның  Азаттық  пен  Жауаптылықтың  қосындысы.
Жауаптылықтың  арқасында  ғана  біз  дамудың  дұрыс  стратегиялық  жолын  таңдай  алдық, мемлекет  құрып, бейбітшілік  пен  келісімді  сақтап  қалдық.
         ***
Тәуелсіздік  алған сәттен  бастап  Қазақстан  өзінің  бір  де  бір  қадамымен, іс-әрекетімен  немесе   тіпті  бір  де  бір сөзімен  өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікке  нұқсан  келтірмеген  мемлекеттің  өнегесі  болып  табылады.
         ****
Біз  тәуелсіздікпен  бірге  тілімізді  түлеттік, дінімізді  өркендеттік, тамырымызды  жалғап, салт-дәстүрімізді  жаңғырттық.
Ұлттық  жаңғыртуды  жүзеге  асырып, жаңа құндылықтар  қалыптастырдық.  Ғасырлар қойнауынан  асылдарымызды  аршып   алдық.
  ***
Біздің тәуелсіздігіміз  қазақ  ұлтының  қоғамдық  ойдың  қалыптасуымен  және  халықтың  жан- жүрегінің  аңсауымен  демелген  көпғасырлық  ұмтылысының  жемісі.
    ****
Тәуелсіздікке  қол жеткізгеннен  гөрі, Тәуелсіздікті  мәңгі  ұстап  қалу  одан  әлдеқайда  қиын.
Бұл  әлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен талай халықтың  басынан  өткерген тарихи шындық. Өзара  алауыздық  пен  жан-жаққа  жөнсіз тартқан  берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға жіберген.
     ****
Тәуекелі  тұратындардың  ғана  қолы жетпесе, Тәуелсіздік  бола  ма? Азаппен, арпалыспен  келмесе, Азаттық  бола ма? Қадірі жоқ  нәрсе  қолда ұзақ  тұра  ма?
       ****
Алда  тұрған  сын белестерден білекке -білек, жүрекке-жүрек, тілекке-тілек қоса  білсек  қана  абыройлы  өте аламыз.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.