Діни экстремизм  деген  не?
Бүгін  13-шы қазан күні Қаражал қаласыңдағы орталық балалар  кітапханасында  Қаражал  қалалық «Нұр мешітінің»  найып  имамы  Ертайұлы  Талғатпен бірлесіп,   «Діни экстремизм  деген  не?» атты  ақпараттық  іс-шарамызды өткіздік.  Іс - шараға  №7, №1  орталық  мектептердің оқушылары  мен ұстаздары қатысты.
 Мақсаты:  Діни  экстремизімнің  алдын  алу  бойынша  жастардың  діни  сауаттылықтарын ашу.  Егеменді  еліміздің  ертеңі  болашақ  ұрпақ  қолында екендігін түсіндіру.  Болашақ  ұрпақты  имандылыққа  тәрбилеуге  баули  отырып , халық  дәстүрін  жүрегіне  ұялатып, санасына құю.
Іс-шараны кітапханашы Ибраева М.  ашып, келген   оқырмандарға діни экстремизм жайлы түсінік бере отырып, келесі сөзді «Нұр мешітінің»  найып  имамы  Ертайұлы  Талғатқа берді.  Имамыз көптеген өзекті мәселерді толығымен аша отырып, діни экстремизм жайлы бейнежазбамен слайд көрсетіп түсіндірді. Оқушыларды мазалаған көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, тек қана Алла тағала жалғыз екендігін ұғындыра білді. Оқушыларға алдағы өмір жолыңда осындай арбаушылықпен тартатын адамдардан сақ болуын ескертті.  Діни  экстремизмді  алатын  болсақ , ол  адамдар  арасына  іріткі  салуға, өшпенділік  отын  тұтатуға, қантөгістерді  ұйымдастыруға  жол  ашады. Оқушылар арасында өткен бұл  іс-шарамыз найып имамен  кездесуімізден  кейін  үлкен  өзекті  мәселенің  алдын  алу  шарасының  бірі  болды  деп  есептейміз. Ұлы Абай атамыздың сөзімен айтсақ:  «Алланың  өзі де  рас, сөзі  де  рас»  демекші,  Алла  бізді теріс  сенім  нанымдардан  аулақ  қылсын-дей келе, осы діни экстремизмге арналған ақпараттық іс-шарамызды аяқтаймыз.

0 коммент.:

Отправить комментарий

Copyright 2009 ЦДБ г. Каражал . All rights reserved.